Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Мерзімсіз салымдар

Кіріс:

Ұтқырлық:

Толықтыру құқығымен және толықтырусыз

Кез келген уақытта алу

Ақшаны максималды ұтқырлықпен «керек кезге» ұстаңыз

Сіздің қаржылық резервіңіз

Мерзімсіз салым – бұл ақшаны кез келген уақытта (төмендетілмейтін қалдық шегінде) толықтыруға және шешуге болатын депозиттің қазақстандықтарға ең үйреншікті түрі. Мерзімсіз салымдар бойынша – мүмкін болатын сыйақы мөлшерлемелерінің ең төменгісі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне жақын, – орнына сіз өз ақшаңызды кез келген уақытта басқара аласыз.

Ақшаны кез келген уақытта толтыру және шешумен үйреншікті депозит (төмендетілмейтін қалдық шегінде)

Ақшаны кез келген уақытта толтыру және шешумен үйреншікті депозит (төмендетілмейтін қалдық шегінде)

Барлық мерзімдерге бір мөлшерлеме

Мерзімсіз салымдарда, атауына қарамастан, әрекет ету мерзімі бар – ол сыйақы мөлшерлемесін белгілі бір кезеңге белгілейді. Мысалы, салымды бір жылға орналастыра отырып, сіздің салымыңыз бойынша мөлшерлеме осы жыл ішінде – депозитті жабу немесе ұзарту күніне дейін өзгермейтініне сенімді боласыз.

Банктік салым шартында мерзімнің жазылғандығына қарамастан, ақшаны кез келген уақытта шешуге болады. Банктерде мерзімсіз салымдарды 3 айдан 3 жылға дейінгі кезеңге ашуға болады. Кез келген банктегі стандарт – бір жылға арналған салым. Мерзім, әдетте, сыйақы мөлшерлемесіне әсер етпейді: барлық мерзімге бірдей мөлшерлеме болуы мүмкін. Біріңғай жағдай ретінде ұзақ мерзімге арналған салым болуы мүмкін, мысалы, екі жыл – мұндай салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі бір жылға арналған салымнан төмен болуы мүмкін. Мұндай депозитті жоғары мөлшерлемемен қабылдау – банк үшін пайыздық тәуекел.

Мерзім банк салымы шартында белгіленген кезеңге сыйақы мөлшерлемесін белгілейді, бірақ ақшаны кез келген уақытта шешуге болады.

Егер сіз төлемді жеке шотқа жасалуын қаласаңыз, онда сыйақы номиналды мөлшерлеме бойынша есептеледі. Бұл қарапайым пайыз: салым қалдығын мөлшерлемеге көбейтіп, сыйақы сомасын алады.

Капиталдандыру – бұл салым сомасына есептелген пайыздарды автоматты түрде қосу. Депозиттегі сома есептелген пайыздардың есебінен өседі және келесі кезеңде банк пайыздарды осы ұлғайтылған сомаға есептейді. Бұл капиталдандыруы бар салымдар бойынша соңғы табыстылық жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі деп аталады.

ҚДКБҚ мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін жариялайды. Бұл мөлшерлеме мынадай формула бойынша есептеледі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 0,5.

Базалық мөлшерлеме - бұл қаржы нарығына қатысушылар үшін қысқа мерзімді кезеңдегі ақша құны және инфляцияны және кредит беру көлемін басқару құралы. Базалық мөлшерлемені төмендету, көтеру немесе сақтау - банк секторы үшін әрқашан маңызды белгі. Кредиттер мен депозиттер бойынша мөлшерлемелер өсе ме жоқ па – бұл базалық мөлшерлемеге байланысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі алдын ала белгіленген кестеге сәйкес немесе қажеттілігіне қарай базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды.

Мерзім банк салымы шартында белгіленген кезеңге сыйақы мөлшерлемесін белгілейді, бірақ ақшаны кез келген уақытта шешуге болады.

Базалық мөлшерлемені көтерген кезде

1 Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры базалық мөлшерлеме жарияланғаннан кейін келесі күні ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін көтереді.

2 Екінші деңгейдегі банктер жаңа мерзімсіз салымдар бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені бірден немесе уақыт өткен сайын жаңа ең жоғары мөлшерлеме шегінде көтеруге немесе мерзімсіз депозиттер бойынша қолданыстағы шарттарды сақтауға құқылы.

3 Орналастырылған депозиттер бойынша мөлшерлемелер мен талаптар салым мерзімі аяқталғанға дейін немесе ол ұзартылғанға дейін өзгертілмейді.

Базалық мөлшерлемені төмендеткен кезде

1 Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры келесі айдың бірінші күнінен бастап мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесін төмендетеді.

2 Ағымдағы ең жоғары ықтимал сыйақы мөлшерлемесіндегі депозиттерді қабылдайтын екінші деңгейдегі банктер келесі айдың бірінші күнінен кешіктірмей жаңа депозиттер бойынша мөлшерлемені төмендетеді.

3 Орналастырылған депозиттер бойынша мөлшерлемелер мен талаптар салым мерзімі аяқталғанға дейін немесе ол ұзартылғанға дейін өзгертілмейді.

9,25% - Қазақстандағы қазіргі базалық мөлшерлеме

+

Мерзімді емес салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін көтеру үшін 0,5 маржа

=

9,8% - мерзімді салымдар бойынша ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері.

Мерзімінен бұрын шешу

Банктердің көпшілігінде салымшылар, егер сома төмендетілмейтін қалдықтан асып кетсе, салымдардан ақшаны мерзімінен бұрын шектеусіз шеше алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ақшаны жеті жұмыс күні ішінде беру құқығын банкке қалдырады.

Кассада қомақты соманы беру, әдетте, алдын ала ескерту бойынша жүргізіледі.

Алайда, мерзімсіз депозит – бұл ағымдағы шот емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ақшаны 7 жұмыс күні ішінде беру құқығын банкке қалдырады. Қомақты соманы банк кассасында қолма-қол ақшамен алу үшін әрдайым дерлік алдын ала ескерту қажет.

Кейбір банктер ақшаны алуға болмайтын бірнеше күнге немесе аптаға шектеу қоя алады. Егер ақша депозитте аз уақыт (әдетте бір айдан кем) жатса, банк сыйақыны есептемеуі немесе оны төмендетілген мөлшерлеме бойынша есептеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ақшаны жеті жұмыс күні ішінде беру құқығын банкке қалдырады.

Кассада қомақты соманы беру, әдетте, алдын ала ескерту бойынша жүргізіледі.

ҚДКБҚ қорғауында

Мерзімсіз салым бойынша кепілдіктің теңгедегі ең жоғары сомасы – 10 миллион теңге, жинақталған сыйақымен.

Егер сіз ақшаны бір банкте сақтауды қаласаңыз, есте сақтаңыз:

10 миллион теңгеге дейінгі салым сыйақымен толық кепілдендіріледі.

10 миллион теңгеге тең салым да толығымен кепілдендіріледі, бірақ сыйақы ең жоғары кепілдік сомадан артық есептеледі.

10 миллион теңгеге дейінгі мерзімсіз салымдар – толығымен қорғалған

10 миллион теңгеден астам сомаға салым толық емес, тек 10 миллион теңгеге ғана кепілдік беріледі.

Ақшаның бір бөлігін басқа банкке салу мүмкіндігін қарастырыңыз: әр түрлі банктерде орналастырылған салымдар жеке-жеке, әрқайсысында – кепілдіктің ең жоғары сомасы шегінде кепілдік беріледі.

Сіздің салымдарыңыз бойынша кепілдік сомасын онлайн есептеңіз.

Депозиттерді қорғау және кепілдіктің жалпы сомасы туралы кеңесті 1460 колл-орталығынан алыңыз

Тәуекелді қалай басқару керек

Егер сіз күтпеген жағдайлар үшін қаржылық «қауіпсіздік жастығын» жасағыңыз келсе, сізге мерзімсіз салым қажет.

Сондай-ақ, сізге өзіңіздің қаржылық резервіңіздің сақталуына өз бетінше қамқорлық жасау қажет.

Кредиттік тәуекел: сіз депозитті салған банк лицензиядан айырылуы мүмкін.

Шешімі. Кепілдіктің ең жоғары сомасы шегінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кредиттік тәуекелді өз мойнына алады

Инвестициялаудың негізгі ережелерін ұстаныңыз: «барлық жұмыртқаларды бір себетке салмаңыз». Екі–үш банкті таңдап, депозит – ең жоғары кепілдік сомасы шегінде болса да, жинақ ақшаны біркелкі орналастырыңыз.

Инвестициялаудың негізгі ережесі – ақшаны бірнеше банктерге салыңыз

Әсіресе ірі салымшыларға ақшаны әртүрлі банктерге орналастыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Қайта инвестициялау тәуекелі: сіздің депозитіңіздің мерзімі аяқталғанда нарықтағы мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін және сіз депозитті жоғары мөлшерлемеде орналастыра алмайсыз.

Шешімі. Ұзақ мерзімді депозиттерді іздеңіз. Нарықта мұндай ұсыныстар көп емес, алайда егер нарықтағы мөлшерлемелер төмендесе, сіздің депозитіңіз шектеусіз барынша жоғары табыстылықты бере алады. Депозитті ұзақ мерзімге таңдай отырып, депозит бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені инфляцияның жылдық болжамымен салыстырыңыз: депозиттің нақты табыстылықты әкелуі, яғни инфляцияны жабуы аса маңызды.

Бәлкім, сіз депозиттен ақшаның бір бөлігін шешпейсіз және шешуді жоспарламайсыз. Ақшаны барынша жоғары мөлшерлемеде инвестициялау мүмкіндігін қарастырыңыз.

Нарықтық тәуекел: нарықта неғұрлым тиімді депозиттер пайда болады.

Шешімі. Егер сіз барлық жинақ ақшаны мерзімсіз салымда сақтасаңыз, онда табыстан айырыласыз, өйткені нарықта неғұрлым табысты жинақ және мерзімді салымдар бар. Бәлкім, сіз жинақ ақшаңыздың қандай да бір бөлігін шешуді жоспарламайсыз. Бұл ақша жоғары мөлшерлемеде басқа қаржы құралына инвестициялануы мүмкін

Жинақ салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері жоғары болғанына қарамастан, бұл салымға сіз салым мерзімі ішінде пайдалануды жоспарламайтын ақшаны ғана салыңыз. Күтпеген жағдайлар үшін ақша қорын мерзімсіз салымда қалдырыңыз. Мерзімсіз салым – бұл резерв, жинақ – инвестиция.

Ұзақ мерзімді депозиттерді іздеңіз.

Инвестициялаудың негізгі ережесі – ақшаны бірнеше банктерге салыңыз

Бәлкім, сіз депозиттен ақшаның бір бөлігін шешпейсіз және шешуді жоспарламайсыз. Ақшаны барынша жоғары мөлшерлемеде инвестициялау мүмкіндігін қарастырыңыз.

Ұзақ мерзімді депозиттерді іздеңіз.

Нені есте сақтау қажет

1 Мерзімсіз салымды таңдау кезінде банктің сенімділігі басты басымдылық болуы тиіс.

2 Ақшаның күтпеген жағдайларда талап етілуі мүмкін бөлігін ғана мерзімсіз депозитке салыңыз. Егер депозиттегі ақшаның бір бөлігі қол сұғылмайтын жеке капиталға айналса, онда жинақ және мерзімді салымдарды қарастырыңыз, себебі мерзімсіз салым бойынша табыстылық – депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда ең төмен. Мерзімсіз салым – ақша резерві, ал жинақ-кепілді қайтарумен қауіпсіз инвестиция.