ҚДКБҚ-да максималды кепілдік берілген сомадан асатын депозиттер бойынша өтемақыны және есептелген сыйақыны қалай алуға болатынын түсіндірді

ҚДКБҚ-да максималды кепілдік берілген сомадан асатын депозиттер бойынша өтемақыны және есептелген сыйақыны қалай алуға болатынын түсіндірді

«Qazaq Banki» АҚ-ның тарату комиссиясының деректері бойынша, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден тұратын 18 мың салымшылардың 5 368 салымшысында максималды кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері немесе есептелген сыйақы (капиталға айналдырылмаған) бойынша талаптары бар.

Таратылып жатқан банктің бір салымшысына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының есебінен төленетін кепілдіктің ең жоғарғы сомасы: ұлттық валютадағы депозиттер (салымдарды, ағымдағы шоттарды және төлем карталарын қоса алғанда) бойынша – 10 миллион теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге, бір салымшының бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында орналастырылған депозиттері бар болса – 15 миллион теңгеге дейін кепілдік берілген өтем төленеді. Өтемақы «Qazaq Banki» АҚ-ның әрбір салымшысына Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент банктің кез келген филиалында немесе бөлімшесінде өтініш негізінде төленеді.

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттер мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар:

«Qazaq Banki» АҚ-ның тарату комиссиясы барлық кредиторлардың, соның ішінде банк салымшыларының талаптарын қанағаттандыру үшін барлық шараларды қолданатын болады. Тарату комиссиясына өтініш берген кредиторлардың талаптары банк және банктік қызмет туралы қолданыстағы заңнамамен белгіленген кезектілік бойынша банк активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Тарату өндірісіндегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банк активтері мен мүлкінің жеткіліктілігі әрі сапасына байланысты болады.

Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – 2019 жылдың 21 ақпан күніне дейін. Өтініштерді ерікті жазбаша нысанда «Qazaq Banki» АҚ-ның тарату комиссиясының төрағасы Т. З. Хасановтың атына жолданып, кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы тарату комиссиясынан жауап алу үшін онда келесідей ақпарат көрсетіледі:

Өтінішке негіздеме мен талап сомасын растайтын құжаттардың (мысалы, банк шоты бойынша үзінді көшірме, банк шотының, банк салымының шарты, соттың заңды күшіне енген шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар) көшірмелері қоса тіркеу керек. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттар көшірмелерінің нотариалдық куәландырылуы талап етілмейді.

Банк пен кредитор арасында жасалған шартпен басқа мерзімдер келісілмесе, тарату комиссиясы тарапынан кредиторлардың келіп түскен өтініштерін қараудың максималды мерзімі алу күнінен екі аптаны құрайды.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жеке түрде берілуі немесе Алматы мен Астана қалаларындағы «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясының филиалдарына жолдануы мүмкін:

Банк қарыз алушыларының назарына!

«Qazaq Banki» АҚ-дағы тарату процесінің басталуы қарыз алушылар міндеттемелерінің орындалуын тоқтатпайды. Банктің дебиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақының есептелуі уақытша тоқтатылмайды. Барлық қарыз алушылар қарыздарды төлеу кестесіне сәйкес Алматы мен Астана қалаларындағы «Qazaq Banki» АҚ-ның тарату комиссиясы филиалдарының кассаларында немесе «Qazaq Banki» АҚ-ның банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы өтеуі тиіс. Ақша аударуға арналған деректемелер www.qazaqbanki.kz веб-сайтында жарияланатын болады.

Анықтама. «Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімі негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. 2018 жылдың 24 қазан күні Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Алматы қаласының МАЭС-ның 2018 жылғы 24 қазандағы шешімі 2018 жылдың 12 желтоқсан күні заңды күшіне енді. Бұл күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің № 512 бұйрығымен төрағасы болып табылатын Т. З. Хасановтың басқаруындағы тарату комиссиясы құрылды.