Баспасөз орталығы


Артқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жылдық есебі жарияланды

Telegram WhatsApp Facebook X (Twitter) LinkedIn
Для Google Docs: скачай .html -> загрузи в Google Drive -> "Открыть с помощью Google Docs".

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2025 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, маңызды үрдістерді атап көрсетті. 

  • Жинақ ақшалардың өсуі: жеке тұлғаларға тиесілі депозиттер 14,7%-ға артып, 28 трлн теңгеден асты.
  • Теңге бойынша максимум: ұлттық валютадағы депозиттер 18,9%-ға, ал шетел валютасындағы депозиттер – 2%-дан аз мөлшерге өсті. Нарықтың долларлануы тарихи минимумға – 21,9%-ға дейін түсті.
  • «Ақылмен жасалған қайта теңдестіру»: салымшылардың жоғары табыстылық пен көтеріңкі кепілдікке қол жеткізу мақсатында қаражаттарын мерзімді және жинақ салымдарға бағыттауы.
  • Беріктік қоры: ҚДКБҚ арнайы резерві 1,57 трлн теңгеге жетті. Жеткіліктілік деңгейін қамтамасыз ету үшін банктердің жарналарына қатысты қарсы циклдік тәсіл қолданылды.
  • Төлемдерді жеделдету: төлемдерді бастау мерзімі 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Нарықтың өсуі және портфельді қайта теңдестіру

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚДКБҚ деректеріне сәйкес халық депозиттерінің көлемі 28 трлн теңгеден асты (+14,7%). Өсім теңгелік депозиттердің есебінен қамтамасыз етілді (+18,9%), ал валюталық депозиттер тек 1,8%-ға ғана өсті. Валюталық депозиттердің үлесі немесе долларлану деңгейі кезекті рет тарихи минимумды жаңартты: 21,9%-ға дейін түсті.

 

Жылдың елеулі үрдісі – салымшылар жинақ ақшаларын қайта теңдестіру арқылы қарапайым депозиттердің орнына табыстылығы жоғары әрі күрделі банктік депозиттерді қалауда. Икемділігі жоғары мерзімсіз салымдардың төмендеуі (-4,1%) аясында мерзімді депозиттер 14 еседен астамға, ал ҚДКБҚ тарапынан көтеріңкі кепілдігі бар жинақ салымдар 1,5 есеге өсті. Нарық жалпы 14,7%-ға өскен болса, оның 13,2 п.т.-ын осы екі сегмент қамтамасыз етіп отыр.

 

Осылайша Қордың 2024 жылы және 2025 жылдың басында нарықты ырықтандыру бойынша жүргізген жүйелі саясаты және 2025 жылдың наурызына қарай, депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді кезең-кезеңмен жоюы салымшыларға арналған жаңа өнімдердің дамуына тың серпін берді. Нәтижесінде тұрақты теңгелік қорландыру рекордтық көрсеткішті – банктік депозиттік портфельдің 31,5%-ын қалыптастырды. Қор жағымсыз бәсекелестікке шектеу қою үшін макропруденциалдық құралдарды сақтайды.

                 

ҚДКБҚ кепілдіктері және оның қаржылық орнықтылығы

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚДКБҚ жинақталған арнайы резерві 1,57 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте оның қалыптасуына негізгі үлесті (инвестициялаудан түскен табыстарды қосқанда) арнайы резервке үлестірілген таза табыс (326,2 млрд теңге) пен депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер қосты (86,9 млрд теңге).

 

Өткен жылмен салыстырғанда банктік жарналардың өсуін (+65,6%) депозиттік базаның өсуімен және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кредиттік тәуекел үшін төленетін мөлшерлемелердің өзгеруімен түсіндіруге болады. Депозит нарығының озық сипатта дамуы аясында барлық банктермен келісілген жарналардың мөлшерлемелерін өзектендіру – арнайы резервтің жеткілікті болуына кепілдік береді және қарсы циклдік тәсіл негізінде жүйенің беріктік запасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Тоқсан сайынғы мөлшерлемелер енді жеке тұлғаларға тиесілі депозиттер көлемінің 0,07%-дан 0,36%-ға дейінгі аралығында түрленіп отырады және бұрынғыша Қордың әрбір банктің тәуекел-бейінін бағалауға арналған меншікті моделі бойынша есептеледі.

 

Нәтижесінде ҚДКБҚ арнайы резерві мақсатты заңнамалық нормативке толығымен сәйкестендіре отырып қалыптастырылды, ал қаржыландырудың резервтік механизмі күйзелістік сценарийлер жүзеге асырылған жағдайдың өзінде өтем ақшаның уақтылы төленуіне кепілдік бере алады. Қолданыстағы кепілдік лимиттерін есепке ала отырып айтар болсақ, жеке тұлғалардың салымдары мен карточкаларын қосқанда, шоттарының 99,8%-ы Қордың кепілдігімен толық көлемде қорғалған.

   

Заңнамалық жаңа енгізілімдер және халықаралық мәртебе

 

2025 жылы ешқандай банк лицензиясынан айырылған жоқ. Жыл соңына қарай, (жаңа 2 қатысушыны қосқанда) депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатын банктердің саны – 21-ге жетті.

 

Банктер туралы жаңа заңның аясында салымшылар үшін қолданыстағы барлық кепілдіктер және Қордың қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша міндеттері аясында оның атқаратын функциялары толығымен сақталды. Сондай-ақ банк лицензиясынан айырылған жағдайда өтем төлеуді бастау мерзімі 35 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

 

Халықаралық деңгейде ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының (IADI) Атқарушы комитетінің (EXCO) құрамында бола отырып, оның Негіздік қағидаттарының жаңа редакциясын әзірлеуге қатысты. Айта кетелік, аталмыш комитеттің құрамына Қауымдастыққа мүше 100-ден астам мемлекеттердің арасынан (Қазақстанмен бірге) 24 елдің өкілі енген. Қараша айында IADI EXCO-ның жаңа құрамын бекіту барысында ҚДКБҚ Төрағасының өкілеттігі екінші үшжылдық мерзімге ұзартылды.

 

2025 жылдың соңына қарай ҚДКБҚ қаржылық көрсеткіштері

 

Активтер: 1,7 трлн теңге.

Меншікті капитал: 1,64 трлн теңге, оның ішінде Арнайы резерв – 1,57 трлн теңге.

Инвестициялық портфель: 1,69 трлн теңге.

 

Жылдық есептің толық нұсқасы Қордың ресми интернет-ресурсында қолжетімді: kdif.kz/kz/reporting



24-08-2026
Document