Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы болып Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов сайланды
2019 жылғы 15 мамырдан бастап Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімімен - "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Төрағасы болып Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов тағайындалды. Осы шешіммен А. М. Баймағамбетов "ҚДКҚ" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетовтың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйесінде және банк жүйесінде 20 жылдан астам кәсіби жұмыс тәжірибесі бар. 2007-2011 жылдары "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-да бөлшек бизнес, операциялық мәселелер және АТ-жобаларын енгізу саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2011-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бірқатар басшылық позицияларды атқарды, атап айтқанда директор лауазымында Төлем балансы және валюталық реттеу департаментін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алтын-валюта активтері мен активтерін басқаруға және ақша-кредит саясатын іске асыруға жауапты Монетарлық операциялар департаментін басқарды.
2017 жылғы маусымнан бастап 2019 жылғы мамырға дейін "Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Ұлттық инвестициялық корпорациясы құрылған сәттен бастап 2012 – 2014 жылдары "Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2011-2014 жылдары "Қазақстан қор биржасы"АҚ Биржалық кеңесінің (Директорлар кеңесінің) мүшесі болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е. А. Біртанов: «Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Ұлттық Банк жүйесінде 1998 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Соңғы жылдары Ұлттық инвестициялық корпорацияны басқарды, өте маңызды мәселелерді шешті. Оның тәжірибесі депозиттік нарықты реттеу, екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтарын қорғау саласында да таптырмайтын болады. Мен Қордың әрі қарай да өз міндеттері мен бастауларын тиімді орындауды жалғастыруын қалаймын» -деді».
А.М. Баймағамбетов Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит (банктік іс)» мамандығы бойынша, біліктілігі «экономист-қаржыгер», сондай-ақ Әл -Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған, біліктілігі «заңгер».
Назарбаев Университетінде Executive Master of Business Administration дәрежесі бар.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) – бұл 1999 жылы екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы.
ҚДКҚ банк қызметін мәжбүрлі түрде тоқтатқан жағдайда, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы- банктердің жеке тұлғалардың банктік шоттардың барлық түрлерінде (оның ішінде – салымдардың барлық түрлері, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақша) орналастырылған ақша қаражатын қайтару жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі таңда 26 банк депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.