КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
«ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНК» АҚ САЛЫМШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
«ВАЛЮТ-ТРАНЗИТ БАНК» АҚ САЛЫМШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Құрметті «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары!
2015 жылғы 10 тамыздан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелері Сіздердің «Валют-Транзит Банк» АҚ-тағы депозиттеріңіз бойынша қосымша өтем алуға өтініштеріңізді қабылдауды бастады. Осы уақыт аралығында 2 мыңнан астам салымшы ақшасын алу үшін хабарласты. Қалған салымшылардың басым бөлігі келесі аймақтар мен қалаларға тиесілі: Қарағанды облысы және Қостанай, Астана, Алматы, Павлодар, Орал, Өскемен қалалары.
Осы орайда, депозиттер бойынша төлемдердің жалғасып жатқанын «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының естеріне саламыз. Депозит бойынша 5 миллион теңгеге дейін қалдықты алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлімшесіне бару қажет. Бөлімшелердің тізімімен www.kdif.kz сайтында немесе Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шұғыл желі номірі 8 800 080 10 20 арқылы таныса аласыз.
«Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшесінде келесі құжаттарды көрсету қажет:
жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
мұрагерлер үшін – мұраға құқығын растайтын құжаттар;
өкілдер үшін – нотариуспен расталған сенімхат;
Сіздің талап құқығыңызды растайтын өзге де құжаттар, жағдайға байланысты
Өтем «Банк ЦентрКредит» АҚ-на барлық растайтын құжаттарды өткізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей төленетінін еске саламыз.
Депозит калдығы туралы ақпаратты білу үшін Валют-Транзит Банк салымшылары келесі мекен-жай бойынша тарату комиссиясына хабарласа алады: Қарағанды қ. тарату комиссиясының бас кеңсесі, индекс 10000, Бұхар Жырау даңғылы, 51/1, тел. 8(7212) 996405.
Толығырақ ақпаратты ҚДКБҚ-ның шұғыл желі нөмірі арқылы 8 800 080 10 20 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден тегін) немесе агент банктің бөлімшелерінен алуға болады.