Банктік депозиттерге кепілдік беру туралы – Zakon.kz порталындағы онлайн-конференцияның нәтижелері

Банктік депозиттерге кепілдік беру туралы – Zakon.kz порталындағы онлайн-конференцияның нәтижелері

7 желтоқсаннан 11 желтоқсанға дейін zakon.kz порталының алаңында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттерге кепілдік беру сұрақтарына арналған онлайн-конференция өткізді. Портал қолданушыларынан 100 астам сұрақтар келіп түсті.

Қор Төрағасы Бақыт Қоғылов порталының редакциясына және оның жазылушыларына тақырыпқа қызығушылық білдіргені үшін және түрлі тақырыптағы көптеген сұрақтары үшін алғысын білдірді: «Қор депозиттерге кепілдік беруде ең жоғарғы әлемдік стандарттарды қолданады, біз өзіміздің миссиямызды барынша толық жүзеге асыруға – банк салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, қаржылық тұрақтылықты қолдауға қол ұшын беруге ұмтыламыз, әлемдік үздік тәжірибені және стандарттарды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізудеміз.

«Мен осы жерде, интернет-конференцияның нәтижелері бойынша, айтып өту керек деп санайымын, банкті жою – банктегі қолайсыз жағдайды өрбітудің ең соңғы жолы. Жалпы алғанда, біздің елімізде бар болған үш банк мәжбүрлеп жабылды, ал соңғы 8 жылда – бірде бір банк жабылған жоқ, бұл жағдайдың өзі де жаһандық үрдістер тұрғысында және әлемдік қаржы нарығындағы сынақ тұрғысында қазақстандық заңнаманың және банктік қадағалау тәжірибесінің әлемдік тәжірибені де, әлемдік стандарттарды да сәйкесінше көрсететіндігін білдіреді» - дегенді қосып айтты. 

Келіп түскен сұрақтардың, жауаптардың және Қор түсініктемелерімен Сіз http://www.zakon.kz/faq/bank_deposit.html сілтемесі бойынша таныса аласыз.