Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) жаңартылған логотипі ұсынылды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) жаңартылған логотипі ұсынылды

Жаңартылған логотип Директорлар кеңесімен бекітілді және 2016 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді. Ребрендинг көздейтін маңызды мақсат – банк салымшыларымен, сондай-ақ бүкіл қазақстандық қоғаммен бірге жеке тұлғалардың банктік салымдарын заңнама деңгейінде кепілдікпен қорғалған атты негізгі хабарламаны ілгері өрлеу үшін байланыс үрдістерін өзгерту.

Бұл мақсаттың негізгі маңыздылығы заңнама негізінде анықталған банк салымшыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау және елдің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу сияқты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қызметтері мен міндеттерінің мән мәтініне ие болады. Осыған байланысты, Қоржұмысындағы өзекті мәселелерінің бірі ретінде бүкіл қазақстандық қоғамның депозиттер бойынша кепілдік жайлы хабардар болуын қолдау болып табылады.

ҚДКБҚ-ның ребрендинг өткізу шешімінде банк салымшылары мен іскерлік банк қауымдастығына түсінікті ықшамды, әрі заманауи визуалды, сондай-ақ дамуға потенциалы бар және заманауи ақпараттық кеңістікте, орынды болатындай бейнелемені ұсынуға тырысты. Визуализация бөлігінде жаңартылған логотип екі блоктан – KDIF аббревиатурасынан тұрады (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры транслитерациясы, ҚДКБҚ ағылшын тілінде) және орнату форматына оңтайландырылуға мүмкін болатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атаудың түсіндірілуімен динамикалық мәтінді блогы. Жаңа логотип қанық көк түсте орындалған, геральдикада абырой, намыс, адалдықты білдіреді. Бейнелемені «Казахстаника»«Ұлттық брендинг агенттігі» консалтинг фирмасы дайындады.
Қордың жаңа логотипі Қор өз қызметінде үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келу сияқты негізгі бір идеяны қамтиды:. Жаңартылған логотип әлемдегі жетекші депозиттерге кепілдік беру қорлар: Федералды депозиттерге кепілдік беру корпорациясы (АҚШ), Салымдарды сақтандыру бойынша агенттігі (Ресей), Ұлыбританияның қаржы қызметі саласындағы өтемақы бағдарламасы бірегей стилистикасында орындалған. Бұл стандарт, бенчмарк: депозиттерге кепілдік берудің жүйесіне қатысушы банктермен қарым-қатынаста және Ұлттық банкі мен Үкіметтің саясатын жүзеге асыруда Қор депозиттерге кепілдік беру жүйесінің Халықаралық қауымдастығы (IADI) алаңында жинақталған үздік әлемдік тәжірибе мен дағдыны қолдануда.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Төрағасы Бақыт Қоғылов: «Әлемдік және қазақстандық тәжірибе көрсеткендей, ребрендинг өзге де ұйымдардың немесе процестердің трансформациясымен тікелей байланыста. Бұл да біздің кейс: коммуникацияға мүлдем жаңа тәсілдер ұсынуға қабылетті болуы үшін ребрендинг өткіздік. Мұнда біз жарнама, медиа және тұтастай алғанда – ақпаратты ұсыну әрі қабылдау саласындағы технологияның дамуына, жаңа форматтар мен тәсілдерге бағдарлануға тиіспіз. Сондай-ақ бі елімізге жат логотип негізі ретінде аббревиатураны пайдалану туралы шешім қабылдадық. Бұл арқылы біз депозиттерге кепілдік беру саласындағы әлемдік қауымдастыпен тығыз байланыста екенімізді мәлімдедік, ал бұл барлық үдерістерге қатысты ең үздік әлемдік стандарттарға және әлемдік тәжірибеге негізделетін Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру жүйесін одан әрі қарай өзгертетінімізді білдіреді».

Халықаралық деңгейде қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тиімділігі мойындалған болатын: 2013 жылы KDIF депозиттерге кепілдік беру жүйесін даму саласында, ал 2015 жылдың қараша айында - салымшыларменесеп айырысу және жұмыс процестері саласында ең үздік депозиттерге кепілдік беру қоры деп танылды. Бұл бағалау депозиттерге кепілдік беру жүйелерінің Халықаралық қауымдастығымен–депозиттерді кепілдендіру қорларын біріктіретін жаһандық қауымдастық шеңберінде өткізілді.

Бүгінгі таңда депозиттерге кепілдік беру жүйесінде барлық 34 банкі қатысады. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы заңымен айқындалатын ҚДКБҚ ең жоғары кепілдік беру шегі ұлттық валютада ашылған депозиттері бойынша 10 миллион теңгені және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 миллион теңгеге дейін құрайды. ҚДКБҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердін депозиттері мен ағымдағы банктік шоттары және банк карточкалары бойынша ақша қалдықтарын қорғайды.