Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің маркетингтік және PR-қызметтерінің назарына – жаңартылған логотип, брендбук, депозиттер бойынша кепілдіктің бірыңғай бейнелемесі

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің маркетингтік және PR-қызметтерінің назарына – жаңартылған логотип, брендбук, депозиттер бойынша кепілдіктің бірыңғай бейнелемесі

2016 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жаңартылған логотипі – KDIF – әрекет етеді. Осы логотип негізінде Қор банктік депозиттік өнімдердің жарнамасында пайдалануға арналған әмбебап бейнелемені ұсынды-бұл «KDIF: Депозиттер кепілдігі / Гарантия по депозитам» мөрі. Осы кезден бастап бекітілген жаңа бейнелемені брендбукке сәйкесті пайдалануыңызды сұраймыз.