КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
«EU BANK («Еуразиялық банк» АҚ-ның ЕБ)» АҚ лицензияны ерікті түрде қайтарумен байланысты депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды
«EU BANK («Еуразиялық банк» АҚ-ның ЕБ)» АҚ лицензияны ерікті түрде қайтарумен байланысты депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды
2016 жылдың 2 қыркүйегіндегі ҚР Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, «EU BANK («Еуразиялық банк» АҚ-ның ЕБ)» АҚ банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның әрекеті оны ерікті түрде қайтарумен байланысты тоқтатылды (ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №360 бұйрығы).
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабы 2 тармақтың 4 тармақшасына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банкі лицензияны ерікті түрде қайтарылуына байланысты оның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға тиіс.
Ескертеміз, 2016 жылдың 19 қаңтарынан бастап «БанкПозитив Қазақстан (Апоалим Б.М. Банкінің ЕБ)» АҚ-ның атауы «EU BANK («Еуразиялық банк» АҚ-ның ЕБ)» АҚ-на өзгертілді; ал 2016 жылдың 27 қаңтарынан бастап депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушы банкі куәлігі қайта ресімделді.
Қазірге таңда депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне 33 банкі қатысады. Қатысушы банктердің толық тізбесімен Сіз осы жерде таныса аласыз