ҚДКБҚ салымшыларға өтем төлеу мерзімін қысқартады

ҚДКБҚ салымшыларға өтем төлеу мерзімін қысқартады

4 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда банк дәрменсіз болған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) резервінен салымшыларға өтем төлеу мерзімін қысқартуы қарастырылған.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы Заңның жаңа нормасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта мынадай норма қолданылады: ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде өтем төлеуді бастайды. Іс жүзінде, тіпті әрбір кезеңді, соның ішінде апелляциялық іс жүргізуді ескере отырып, соттарда істерді жедел қараған кезде де сот рәсімдері банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 4–5 айға созылуы мүмкін.

2018–2019 жылы бұл норманың қолданылуы «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ 286 мың салымшысына қатысты болды. ҚДКБҚ төлеуге дайындық жұмыстарын сәтті өткізді және үш банктің клиенттері алдындағы өз міндеттемелерін уақытында орындауға кірісті. Бұл мәселелік тәжірибе ҚДКБҚ-ға және Қазақстан Ұлттық Банкіне банк дәрменсіз болған жағдайда салымшыларға өз ақшасын тезірек алуға мүмкіндік беретін заңнамалық бастамамен шығуға мүмкіндік берді. Бұл бастама Парламент Мәжілісі мен Сенатынан қолдау тапты.

1 қаңтардан бастап депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру ҚДКБҚ қаражатынан өтем төлеуге негіз болады. Осылайша, кейіннен сотқа талап арыз беру жылдамдығына, соттарда істерді қарау және ықтимал апелляциялық шағымдарға қарамастан, банк салымшылары–жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан банк айырған күннен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей ҚДКБҚ резервінен төлем алады.

Қазақстандықтардың депозиттік шоттарының 99,8% жинақталған сыйақыны есепке ала отырып, толық сомаға ҚДКБҚ кепілдігімен қорғалған. Таратылатын үш банк салымшыларының 95%-ы толық сомаға өтемақы алды немесе алуға құқылы. Төлем мерзімінің қысқаруымен Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі тиімді болып отыр.

1 қаңтардан бастап ҚДКБҚ салымшыларға банк барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған күннен бастап 35 жұмыс күні ішінде өтем төлеуді бастауға міндетті болады. Банк лицензиясынан айырылған сәттен бастап жаңа заңнамаға сәйкес:

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары алдындағы өз міндеттемелерін заңмен белгіленген мерзімде орындауға кірісті. Қазіргі таңда банк-агенттерге 57,8 мың адам жүгінген. Төлем алуға әлі жүгінбеген салымшылар алдындағы міндеттемелердің қалдығы міндеттемелердің бастапқы сомасының 2%-ын құрайды.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне ислам банктерін қоспағанда, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайтын барлық банктер міндетті түрде қатысады.

ҚДКБҚ қаражатынан өтеуге жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер құқылы. ҚДКБҚ салымдарға, ағымдағы шоттарға және төлем карточкаларына орналастырылған ақшаға кепілдік береді. Кепілдіктің ең жоғары сомасы салымның түрі мен валютасына байланысты.

Депозиттер бойынша кепілдік әрбір банкте жеке құрайды:

Бір банкте теңгемен және шетел валютасымен бір мезгілде салынған бір салымшының депозиттері бойынша 15 миллион теңгеге дейін жиынтық өтем төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге баламасынан аспайды.

ҚДКБҚ 579 миллиард теңге көлемінде жинақталған резервке ие – бұл қаражат кез келген уақытта төлеуге қолжетімді. Резервтің басты көзі: депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналары, инвестициялық кіріс және ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%.