Delta Bank

Delta Bank

Агент банк:

ЦентрКредит Банкі

Агент банктің бөлімшелерінде өтініштер қабылдау мерзімі:

23.05.2021

Головной офис ликвидационной комиссии:

г. Алматы, ул. Богенбай батыра, 80

Delta Bank 2018 жылдың 25 сәуірінен бері мәжбүрлеп тарату үдерісінен өтуде. Банкте карточкалар ашылған және жалпы сомасы 201 миллион теңгеге 2,7 мың адамның салымдары орналастырылған.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға кепілдік берілген өтемді 2018 жылдың 17 мамырында төлей бастады, агент банк ретінде ЦентрКредит банкі таңдап алынды. 2020 жылдың басына қарай банк салымшылары жалпы сомасы 94 миллион теңгеге өтем алуға өтініш білдірді. Бұл міндеттемелердің бастапқы сомасының 46%-ын ғана құрайды.

Әзірге өтем ақша алмаған салымшылар ЦентрКредит Банкінің кез келген бөлімшесіне 2021 жылдың 23 мамырға дейін өтініш бере алады. Өтінішті тікелей келу немесе сенімхат арқылы беруге болады.


«Delta Bank» АҚ тарату комиссиясы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры алдындағы кепілдік берілген депозиттер бойынша төленетін өтем сомасына қатысты міндеттемелерін орындады. ҚДКҚ пайдасына есептелген төлемдердің жалпы сомасы 201 миллион теңгені құрады.

Осы міндеттемелерді орындаған сәттен бастап ҚДКҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды.

Банктегі депозиттердің 99,9%-ы толық сомасына ҚДКҚ кепілдігімен қорғалған. Тарату комиссиясына депозиттері кепілдік берілген ең жоғары сомадан асатын немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылардың – 4-ші кезектегі кредиторлардан өтініштер келіп түскен жоқ.

01.07.2020 жылғы жағдай бойынша алтыншы кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 1 708 735 мың теңгеге (12,53%) есеп айырысулар жүргізілді.

Уақиға

Заңнамаға сәйкес мерзім

Нақты күні

Тарату комиссиясы алтыншы кезектегі кредиторларға ақша төлеуде

Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді

01.07.2020 жағдай бойынша

Кредиторлар комитеті құрылған

Аралық тарату балансы бекітілген сәттен бастап бір ай ішінде

06.02.2019

Аралық тарату балансы бекітілді – активтер мен міндеттемелер

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген сәттен бастап кемінде 4 ай

26.11.2018

Агент банкте өтініштер қабылдау мерзімі

Агент банкпен арадағы келісімнің қолданылу мерзімі барысында

17.05.2018 – 23.05.2021

Агент банкте салымшылардан өтініштер қабылданып, ақша төлене бастады

Өтініш қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде

17.05.2018

ҚДКБҚ агент банкті жариялайды

10 жұмыс күні

17.05.2018

Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдайды және міндеттемелер тізілімін жасайды

Өтініш қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні

04.05.2018 – 05.07.2018

Тарату комиссиясы тағайындалды

Сот шешімі заңды күшіне енген күні

25.04.2018

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді

1 күнтізбелік ай (осы мерзім ішінде апелляциялық шағым түсірілуі мүмкін)

25.04.2018

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды

Шек қойылмаған

13.02.2018

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берілді

20 жұмыс күні

05.12.2017

«Delta Bank» АҚ лицензиясынан айырылды

03.11.2017