Тарату процесіндегі банктер
Delta Bank
Сайт:
Агент банк:
ЦентрКредит Банкі
Өтініштер қабылдау мерзімі
агент банк бөлімшелерінде:
17.05.2018-01.05.2022
ҚДКБҚ-да:
02.11.2021-01.05.2022
Delta Bank 2018 жылдың 25 сәуірінен бері мәжбүрлеп тарату үдерісінен өтуде. Банкте карточкалар ашылған және жалпы сомасы 201 миллион теңгеге 2,7 мың адамның салымдары орналастырылған.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға өтем төлеуді 2018 жылғы 17 мамырда бастады, банк агент ретінде «Банк ЦентрКредит» АҚ таңдалды. 2022 жылдың басында банк салымшылары жалпы 107,3 миллион теңге сомасын – ҚДКБҚ міндеттемелерінің жалпы мөлшерінің 53% өтеу үшін жүгінген.
Осы уақытқа дейін өтем алмаған салымшылар «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелерінде қағаз тасымалдағышта және ҚДКБҚ-ға электрондық нысанда 2022 жылғы 1 мамырға дейін (қоса алғанда) өтініш бере алады.
«Delta Bank» АҚ тарату комиссиясы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры алдындағы кепілдік берілген депозиттер бойынша төленетін өтем сомасына қатысты міндеттемелерін орындады. ҚДКҚ пайдасына есептелген төлемдердің жалпы сомасы 201 миллион теңгені құрады.
Осы міндеттемелерді орындаған сәттен бастап ҚДКҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды.
Банктегі депозиттердің 99,9%-ы толық сомасына ҚДКҚ кепілдігімен қорғалған. Тарату комиссиясына депозиттері кепілдік берілген ең жоғары сомадан асатын немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылардың – 4-ші кезектегі кредиторлардан өтініштер келіп түскен жоқ.
01.10.2021 жылғы жағдай бойынша алтыншы кезектегі кредиторлармен есеп айырысулар жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 2 210 678 мың теңгеге (15,90%) есеп айырысулар жүргізілді.
Уақиға
Заңнамаға сәйкес мерзім
Нақты күні
Тарату комиссиясы алтыншы кезектегі кредиторларға ақша төлеуде
Ақшаларды қайтару мерзімі активтердің болуына, мүліктерді сатуға және қарыздарды қайтаруға тәуелді
01.07.2020 жағдай бойынша
Кредиторлар комитеті құрылған
Аралық тарату балансы бекітілген сәттен бастап бір ай ішінде
06.02.2019
Аралық тарату балансы бекітілді – активтер мен міндеттемелер
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген сәттен бастап кемінде 4 ай
26.11.2018
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
—агент банкте
—ҚДКБҚ (ТЭП арқылы)
2022 жылғы 1 мамырға дейін
17.05.2018 - 01.05.2022
02.11.2021 - 01.05.2022
Агент банкте және ҚДКБҚ-да салымшылардың өтініштерін қабылдау және ақша төлеу басталады
Өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде
агент банкте 17.05.2018 бастап
ҚДКБҚ-да 02.11.2021 бастап
ҚДКБҚ агент банкті жариялайды
10 жұмыс күні
17.05.2018
Тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдайды және міндеттемелер тізілімін жасайды
Өтініш қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні
04.05.2018 – 05.07.2018
Тарату комиссиясы тағайындалды
Сот шешімі заңды күшіне енген күні
25.04.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді
1 күнтізбелік ай (осы мерзім ішінде апелляциялық шағым түсірілуі мүмкін)
25.04.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданды
Шек қойылмаған
13.02.2018
Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берілді
20 жұмыс күні
05.12.2017
«Delta Bank» АҚ лицензиясынан айырылды
03.11.2017