1979 жылы 3 тамызда туылған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген (2000).
2003-2006 жж. – Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерде болды.
2006-2012 жж. – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бухгалтерлік есеп саласында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2012-2017 жж. – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Халық-Казахинстрах» Еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ қаржы директоры.
2017 ж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Қаржы департаментінің директоры.
2017-2020 жж. – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ бас бухгалтері, басқарушы директоры.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасының орынбасары.