Кепілдікті қалай алуға болады

Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылардың, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың депозиттері банк шоты және (немесе) банк салымы шарты жасалған сәттен бастап автоматты түрде ҚДКБҚ кепілдігінің қорғауына алынады.

Кепілді өтемді төлеу міндеттілігі сақтандыру жағдайы орын алған шақта – яғни, банк лицензиясынан айырылған кезде туындайды.

Сізге мына төмендегі схема кепілді өтемді төлеу үдерісін түсінуге көмектеседі:

Сақтандыру жағдайы

Төлемнің басталғаны туралы хабарландыру

Төлемге өтініштер қабылдаудың басталуы

Күн
365

Кепілді өтем төлеу кезеңі

Талап етілмеген сомаларды БЖЗҚ-ға аудару

Дәлелді себептер бойынша өтініштер қабылдау

Банкті лицензиясынан айыру күні

Банкі лицензиясынан айырған күннен бастап, 30 жұмыс күнінен кешіктірілмейді

Банкті лицензиясынан айырған күннен бастап, 35 жұмыс күнінен кешіктірілмейді

Төлем басталған күннен бастап 1 жыл аралығында

Төлем аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде

Банк түпкілікті таратылғанға дейін немесе зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындағанға дейін

ҚДКБҚ кепілді өтемді заңнамада белгіленген максималды мөлшер шегінде төлейді

Сіздің банкіңіз лицензиясынан айырылған жағдайда кепілді өтем ақшаңызды қалай аласыз? «Кепілді өтемді төлеу – қадамдап орындау» бөлімінен қараңыз.

Егер Сіз таратылатын банктің салымшысы болсаңыз және белгіленген төлем мерзімін өткізіп алсаңыз, онда «Ағымдағы төлемдер» бөліміне кіріп, «дәлелді себептер» бойынша өтініш беру тәртібімен танысып шыға аласыз.

Document