1976 жылы 2 маусымда туылған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің магистратурасын Master of Business Administration бағдарламасы бойынша (2004), Ұлттық саяси зерттеулер институтын Master of Public Policy (National Graduate Institute for Policy Studies, Japan, 2008) бағдарламасы бойынша бітірген.
1997-2003 жж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы.
2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің жетекші экономист маманы.
2006-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық департаментінің бас талдаушысы, сарапшысы.
2011-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің басқарма басшысы.
2017 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Төрағасының орынбасары лауазымында.