КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
Депозиттік портал-жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі бірыңғай шоғырландырылған мәліметтер базасын іске қосу туралы
Депозиттік портал-жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі бірыңғай шоғырландырылған мәліметтер базасын іске қосу туралы
Сәрсенбі, 29-қараша күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында »Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры АҚ (ҚДКБҚ) жаңа интернет-порталын ұсынды, онда қолданыстағы бүкіл депозиттік бағдарламалар және депозиттерге кепілдік беруші жүйеге қатысушы банктердің негізгі қаржылық көрсеткіштері туралы мәліметтер жинақталған.
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры www.deposit-kdif.kz депозиттік порталын 2017 жылы қараша айында іске қосты. Депозиттік порталда Қазақстан Республикасында қызмет атқарып отырған депозиттерге кепілдік етуші жүйесіне қатысушы бүкіл банктердің депозиттік өнімдері туралы бірыңғай шоғырландырылған база бар, бұл база пайдаланушыларға мынадай мүмкіндіктер беріп отыр:
Бақыт ҚОҒҰЛОВ, ҚДКБҚ төрағасы: «Біз Ұлттық банктің Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға және анағұрлым саналы қаржылық шешімдерді ілгерлетуге бағытталған бағдарын толықтай қолдаймыз, сол себепті салымшыларға осындай қосымша ресурсты беріп отырмыз.Депозиттік порталдың функционалы жеке тұлғалардың салымшылары үшін шоғырландырылған: пайдаланушылар өздеріне керегін көрсетіп, бірнеше шерту арқылы қажетті депозитін іріктей алады. Оның ішінде біз салым валютасы, мөлшерлеме, сыйақының қосылу мерзімі және капиталдандырылуы секілді шарттармен қатар салымшылардың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескердік, мәселен, конвертациялау мүмкіндігі, алыстан қызмет көрсету, депозиттер бойынша акциялар қарастырылған. Сонымен қатар Депозиттік порталда банктердің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер бар».
Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалар депозиттері нарығындағы үрдістер туралы сөз етілді. Қазақстандықтардың депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде жинаған қаражатының мөлшері өткен жылдың үйлес мерзімімен салыстырғанда 2017 жылдың 1-қарашасына қарағанда 10 пайызға артып, 8,09 млрд теңгені құраған. Биылғы жылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарының саны 6,5% артып, қазіргі кезде 45,5 млн есеп-шотты құрап отыр.
Халықтың ұлттық валютадағы салымдарға қызығушылық танытып отырғандығы атап өтілген: 2017 жылдың 1-қарашасына қарағанда жеке тұлғалардың теңге түріндегі салымдарының үлесі 43% құрап отыр (өткен жылғы осы кездегі көрсеткіш 35% болатын). Жеке тұлғалардың банктердегі жинақ шоттарында (ақшалай) құрылымында мерзімді салымдар (87,6%), талап етілгенге дейінгі салымдар мен шартты салымдар үлесі тиісінше 0,3% және 3,1% құрайды, қалғаны сәйкесінше ағымдағы және карт-шоттардағы ақшалар – 9%.
Сонымен бірге теңгемен ашылған жеке тұлғалардың шоттарының үлесі тұрақты: 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша теңгедегі шоттардың саны 95%, шетел валютасындағы шоттардың саны – тек 5%; Жеке тұлғалардың шоттарының жалпы санының 81%-ы ағымдағы және карт-шоттар, 19% – депозиттер.
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің ұйымы, екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 1999 жылы құрылған. ҚДКБҚ сот шешіміне орай банк қызметі мәжбүрлі түрде тоқтатылған жағдайда депозиттерге кепілдік беруші жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелері бойынша жеке тұлғаларға қаражаттарының қайтарылуына кепілдік береді, оның ішінде банктердің барлық түріндегі есеп-шоттарына салынған қаражат ( банкілік салымдар, ағымдағы есеп-шоттар, төлем карточкалары) көзделген.
ҚДКБҚ заңдылық тәртіпте жеке тұлғалардың және дербес кәсіпорындардың бүкіл салымдарына кепілдік береді. Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдік етілетін максималды сома 10 миллион теңгені құрайды, шетелдік валюта түріндегі депозиттер бойынша – 5 миллион теңге (эквивалентпен алғанда). Бүгінгі күнге қарағанда депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк қатысып отыр.
Қосымша ақпарат – ҚДКБҚ сайтында: www.kdif.kz
Депозиттік портал: http://www.deposit-kdif.kz/ru/