ҚДКҚ-ның жинақталған ресурстарының көлемі 781 млрд теңгені құрайды

ҚДКҚ-ның жинақталған ресурстарының көлемі 781 млрд теңгені құрайды

Банктердің жинақталған жарналарының көлемі ҚДКҚ-ның меншікті капиталымен қоса 781 млрд теңгеге жетті, бұл халықтың барлық депозиттерінің  10%-ы. ҚДКҚ  тиімділігі мен тұрақтылығын көрсету үшін ҚДКҚ-ның елдің ІЖӨ-не  ресурстары шамамен 1%-ды құрайды. Бұл Ресейге қарағанда 10 есе, АҚШ-қа қарағанда 2 есе, Жапонияға қарағанда 1,5 есе көп, мұнда  резервтер Жапонияның ІЖӨ-нің 0,7%-ын ғана құрайды. Бұл ретте АҚШ-тың және Жапонияның қаржы жүйелері барынша ілгері жылжыған және дамыған болып табылады. Бұл туралы ҚДКҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚДКҚ кепілдігі екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың 100% депозиттік шоттарына қолданылады. ҚДКҚ-да қазір ҚДКҚ-ның банктердің салымшылары алдында өз міндеттемелері бойынша жауап беру және  таратылатын  банктің  әр  салымшысына  шотта жинақталған сыйақыны  есепке ала  отырып  кепілдік сомасын  төлеу үшін  ақша  ресурстары  және  заңнамалық өкілеттіктері  бар деп атап  өтілді.

ҚДКҚ басшысы Нұрлан Әбдірахманов атап өткендей, азаматтардың  өз депозиттерінің кепілдікпен  қорғалғандығы жөніндегі сенімділігі -  кепілдік  беру  жүйесі тиімділігінің іргелі  көрсеткішінің негізі болып  табылады,  бұл халықаралық стандарттармен расталып отыр. Мәселен, халықаралық зерттеулерге сәйкес көптеген депозиттерге кепілдік беру жүйелерінде кепілдік беру сомасы орташа алғанда  халықтың  жан басында шаққанда екі  ІЖӨ-ге тең. Қазақстанда теңгемен жинақ  депозиттері  бойынша кепілдік  сомасы 15 миллион теңгені немесе халықтың  жан басында шаққанда 4,7 ІЖӨ-і,  ұлттық валютадағы  депозиттердің  басқа  түрлері  бойынша – 3,1 құрайды. Салыстыру үшін, 2017 жылғы деректер бойынша  Кореяда бұл көрсеткіш - 1,6, Канадада – 1,7, Жапонияда – 2,4, Ресей Федерациясында – 2,3,  Еуропалық одақта – 3, АҚШ-та – 4,2 құрайды.

Н. Әбдірахманов салымшыларға өтемақыны төлеуге арналған ҚДКҚ-ның резерві банк секторының есебінен жинақтау негізінде қалыптасады, деп түсініктеме берді. «ҚДКҚ-ның резерві банктер жарналарының есебінен қалыптасады, ал Ұлттық Банктің  ҚДКҚ-ның капиталына салған қаражатының үлесі 236 миллиард теңге көлемінде сақталады және 30%-дан аспайды. Бұдан былай ҚДКҚ-ның резервіндегі банктер жарналарының үлесі тек өсетін болады, ал Ұлттық Банктің ҚДКҚ-ның капиталына салған үлесі төмендейді. Бұл, сондай-ақ ҚДКҚ резервінің өсу қарқыны депозиттік базаның өсу қарқынынан асып түсумен де байланысты (ҚДКҚ резервінің өсуі соңғы үш жылда 25%-ды, депозиттік базаның өсуі – 18%-ды құрады), ал резервтің активтері кредиттік және өзге тәуекелдерге ұшырауға бейім емес», – деп атап өтті ол.   

Ол, ҚДКҚ-ның қаражаты барынша сақтап қалу және жинақталған резервтердің құнын жоғалту тәуекелінің барынша аз болуы қағидаты бойынша инвестицияланады: резервтердің 90%-ы мемлекеттік бағалы қағаздарға және  рейтингі «AA+» және «ААА» шетелдік бағалы қағаздарға орналастырылады деп қоса айтты. Инвестициялық портфельдің қалған бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі теңгемен депозиттерге және ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарына орналастырылған.