КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеу тәртібі жарияланды
Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеу тәртібі жарияланды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Ұлттық Банкі жеке тұлғалардың теңгеде ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеп беру тәртібін әзірлеп, бекітті. Бұл бағдарлама теңгедедегі депозиттері 1 миллион теңгеден аспаған салымшыларға шетел валютасы бағамының өзгеруіне байланысты өтемақы алу құқығын береді. Бұндай депозиттер бір немесе бірнеше банктерде орналасуы мүмкін.
Бағамдық айырма бойынша өтемақы 1 жылдан кейін – 2016 жылғы 10 қазанға дейін төленеді. Есептеудің ең төменгі шегі ретінде 2015 жылғы 18 тамыздағы айырбас бағамы (188.35 теңге), жоғарғы шегі – 2016 жылғы 30 қыркүйекте қалыптасқан айырбас бағамы қолданылады.
Салымшылар депозит қалдығын арнайы шотқа аударатынын еске саламыз. Салымшының өтініші бойынша арнайы шотты ашу, өтемді қайтару шарттары көрсетілген жаңа депозиттік шарт немесе қосымша келісім жасалу ұсынылады. Мерзім соңында бағам айрмасын қайтарудың міндетті шарты қалдық ақшаны арнайы шотта бір жыл ішінде – 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін сақтау болып табылады. Ақша қалдығына нарықтық бағам бойынша пайыздар үстемеленеді.
Депозитті қайта ресімдеу және арнайы шот ашу үшін салымшы өз депозитін сақтаған банкке барып өтініш қалдыруы тиіс.
Өтемақы төлеу тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.