КФГД - Казахстанский фонд гарантирования депозитов
ҚДКҚ жеке тұлғалардың салымдары бойынша 2019 жылдың 3 тоқсанына шекті мөлшерлемелерді бекітті
ҚДКҚ жеке тұлғалардың салымдары бойынша 2019 жылдың 3 тоқсанына шекті мөлшерлемелерді бекітті
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап теңгедегі мерзімcіз депозиттер бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі 9,8%-ды құрайды. Мерзімді және жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер ағымдағы деңгейде қалады: 10,5%-дан 12,5%-ға дейін – мерзімді, 11,5%-дан 13,5%-ға дейін – жинақ депозиттер. ҚДКҚ-ның осы шешімі келесі себептерге негізделген.
Мерзімсіз салымдар. Өткен жылғы қазан айындағы теңге салымдарының жаңа классификациясын енгізген сәттен бастап мерзімсіз салымдар максималды мөлшерлемеден төмен мөлшерлеме бойынша тартылуда – орташа өлшемді нарықтық мөлшерлеме 10,5% шекті мөлшерлеме кезінде 9,4-9,8% диапазонында өзгеріп отырды. Бұл нарықтық мөлшерлеме артынан барынша жоғары мөлшерлемені біртіндеп төмендету мүмкіндігін көрсетеді. Мөлшерлеменің 9,8% деңгейге дейін төмендеуін банктер де қолдап отыр, өйткені тұрақсыз қорландыру құны біртіндеп төмендеуі тиіс.
Мерзімді салымдар. Мерзімді салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелер де шекті мәндерден төмен. Алайда, мерзімді салымдар бойынша өтімсіздігі үшін сыйлықақы қарастырылуы тиіс екендігін ескере отырып, яғни мерзімінен бұрын алған кезде айыппұл санкциялары қолданылатындығын, олар бойынша ағымдағы шекті мөлшерлемелерді сақтау туралы шешім қабылданды.
Жинақ салымдары. Жинақ салымдары 15 банктің портфелінде бар, олар бойынша шекті деңгейде мөлшерлемелер ұсынылуда. Бұл жинақ салымдары бойынша қолданыстағы ең жоғары мөлшерлемелерді сақтаудың орындылығын көрсетеді. Банктердің ойынша, қолданыстағы мөлшерлемелер ағымдағы нарықтық жағдайларда әлі де өзекті және салымшыларға қаражатты мерзімінен бұрын алуға қойылатын жоғары талаптардың орнына жеткілікті кірістілікті қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, жинақ салымын мерзімінен бұрын алу алдын ала 30 күндік хабарлама бойынша жүргізіледі және пайыздық сыйақыны жоғалтуға алып келуі мүмкін. Банктерде тұрақты және бірқалыпты қорландыруды біртіндеп қалыптастыратын осы салымдар нарығын одан әрі дамыту үшін шекті мөлшерлемелердің ағымдағы мәндері алдағы тоқсанға сақталады.
Шетел валютасындағы салымдар. Сәуір айында ҚДКҚ 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілген валюталық салымдар бойынша шекті мөлшерлемелерді, оның ішінде мерзімді және жинақ салымдары бойынша шекті мөлшерлемені 12 ай және одан да көп мерзімге 2%-ға дейін арттыруды бекітті. Осыған байланысты 2019 жылдың 3 тоқсанына шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады.
Салымшылардың назарын ҚДКҚ жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшерін ғана белгілейтініне аударамыз. Бұл ретте банктер өздері ұсынған өнімдер бойынша сыйақының нақты мөлшерін дербес белгілеуге құқылы.
Толтыру құқығынсыз салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме
(СЖТМ)
Толтыру құқығы бар салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме (СЖТМ)
Мерзімді салымдар
3 ай
6 ай
12 ай
24 ай
11,0%
11,8%
12,0%
12,5%
11,0%
11,0%
11,0%
10,5%
10 млн. теңге
10 млн. теңге
10 млн. теңге
10 млн. теңге
Жинақ салымдары
3 ай
6 ай
12 ай
24 ай
12,0%
12,8%
13,0%
13,5%
12,0%
12,0%
12,0%
11,5%
15 млн. теңге
15 млн. теңге
15 млн. теңге
15 млн. теңге
Мерзімді салымдар
12 айға дейін
12 ай және одан жоғары
1,0%
2,0%
1,0%
2,0%
5 млн. теңге
5 млн. теңге
Жинақ салымдары
12 айға дейін
12 ай және одан жоғары
1,0%
2,0%
1,0%
2,0%
5 млн. теңге
5 млн. теңге