ҚДКБҚ Украина мен Кореяның депозит сақтандыру ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
Депозит сақтаушылардың халықаралық қауымдастығының жылдық жиналысы аясында 2019 жылғы 8-9 қазанда Ыстамбұл қаласында (Түркия) ҚДКБҚ төрағасы Баймағамбетов Ақылжан Украинаның және Корея депозит сақтандыру корпорациясының (Korea Deposit Insurance Corporation) Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының бірінші басшыларымен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Меморандумдарға қол қою тараптардың салымдарды сақтандыру және проблемалық қаржы институттарын сауықтыру саласында ақпарат және практикалық тәжірибе алмасу жөніндегі өзара ынтымақтастығын нығайтуға деген ниетін растайды. Тараптар сондай-ақ өзара мүдделілік тудыратын салаларда бірлескен зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыруды келісті.
Анықтама
Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы (International Association of Deposit Insurers, IADI) 2002 жылы Швейцарияның Базель қаласында Халықаралық есеп айырысу банкі жанында құрылды.
Қауымдастық депозиттерді сақтаушылар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және депозиттерге кепілдік беру саласында үздік тәжірибелерді әзірлеуге арналған алаң ретінде құрылды.
Қазіргі уақытта депозиттерді сақтандыру жөніндегі 92 ұйым Қауымдастықтың мүшелері болып табылады. ҚДКБҚ 2003 жылдан бастап Қауымдастықтың мүшесі болып табылады.