Мұрагерлерге және сенім білдірілген тұлғаларға арналған ақпарат

Мұрагерлерге және сенім білдірілген тұлғаларға арналған ақпарат

«Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының сенімхат бойынша өкілдеріне және заңды өкілдеріне (мұрагерлері мен өзге де құқық иеленушелеріне) төлемдер тек агент банкте жүзеге асырылады. Ал «Қазинвестбанк» АҚ және «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларының сенімхат бойынша өкілдері, мұрагерлері және өзге де құқық иеленушілері кепілдік берілген өтемді алу үшін тиісті өтінішпен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына (ҚДКБҚ) жүгінулері тиіс.


Депозиттерге кепілдік беру туралы Заңға сәйкес кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі өтініш:

  • «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары үшін – (соңғы күнін қоса алғанда) 2022 жылдың 1 мамырына дейін;
  • • «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары үшін (төлем басталған күннен бастап бір жыл ішінде) – (соңғы күнін қоса алғада) 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін қабылданады.

Төлем мерзімі аяқталған соң, талап етілмеген өтем сомасы салымшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға арналған шотына аударылады.


«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының сенімхат бойынша өкілдерінің және заңды өкілдерінің (мұрагерлері мен өзге де құқық иеленушілері) назарына: кепілдік берілген өтемді алу үшін Қорға немесе банктің тарату комиссиясына мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Қарағанды қ., Бұхар Жырау даңғылы, 51/4, телефон: 8 (721) 299-64-05 (12).


Сенім артылған тұлға үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жеке басты куәландырушы құжаттың түпнұсқасы, сенім артылған тұлғаның ЖСН-мен;
  2. Кепілдік берілген өтемді алуға берілген сенімхат;
  3. Қажет жағдайда қосымша құжаттар*.

Мұрагерлерге арналған қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жеке басты куәландырушы құжаттың түпнұсқасы, сенім артылған тұлғаның ЖСН-мен;
  2. Мұрагерлік құқығы туралы куәлік (немесе оның нотариус куәландырған көшірмесі) немесе оның заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот шешімі;
  3. Депозитордың қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құжаттар.


* Қосымша құжаттар тізімі:

1. Егер депозитордың жеке басын куәландырушы деректер сәйкестендіруші құжаттарда жоқ болып шықса, депозитордың жеке басын куәландырушы (ЖСН-і бар) құжаттың көшірмесі.
2. Мына құжаттардың кез-келгені:

  • банк шотының (салымының) шарты,
  • банк шоты (салымы) шарты бойынша банктің депозитор/өтініш беруші алдында міндеттемелерінің бар екендігін растайтын сот актісі,
  • ақшалай міндеттеме, ақша төленгені туралы деректері бар төлем құжаттары, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдік берілген шотқа немесе салымға ақшаның салынғанын растайтын шот бойынша үзінді көшірмелер, түбіртектер, кассалық кіріс ордерлері және фискалдық чектер,
  • депозитордың немесе өтініш берушінің талабының негізділігін растайтын басқа да құжаттар.