Наурыз Банк Қазақстан

Наурыз Банк Қазақстан

Агент банк:

Төлем – ҚДКҚ-дан тікелей.

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

28.03.2020

Наурыз Банктегі тарату үдерісі 2019 жылы 28 наурызда аяқталды.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамаға сәйкес, ҚДКҚ салымшылар алдындағы міндеттемелері қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады — тиісінше, Наурыз банктің салымшылары ҚДКҚ-дан 2020 жылғы 28 наурызға дейін өтем алуға құқылы.




«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ тарату үдерісі 2005 жылдың 02 желтоқсанынан бастап жалғасты. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің деректері бойынша «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-тың «таратылды» деген мәртебесі бар. Оған негіз болатын құжат – уәкілетті әділет органының таратуды мемлекеттік тіркеу туралы 2019 жылғы 28 наурыздағы №1265р бұйрығы.