Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Салымшылар қандай мерзім ішінде кепілді өтемді алуға өтініш бере алады?

Егер банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылса, салымшылар не істеуі керек? Бұл жерде адамдар алдымен үрейге бой алдыратыны белгілі. Алайда Сіздердің салымдарыңыздың сақталуына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) жауап беретіндігін тағы да еске саламыз. ҚДКБҚ құрылғалы бері күні бүгінге дейін лицензиясынан айырылған 11 банктің депозиторларына кепілді өтем төлеуді ойдағыдай жүзеге асырды. Бұл материалда біз кішігірім нұсқаулық дайындадық. Онда депозиттегі ақшаны қайтару жолдары көрсетілген.


ҚДКБҚ қандай қаржы құралдарына кепілдік береді?


Қор кепілдіктері жеке тұлғалардың барлық отандық банктердегі және (ислам банктері мен олардың филиалдарын қоспағанда) шетелдік банктердің филиалдарында орналасқан депозиттеріне, олардың ішінде ағымдағы және карточкалық шоттардағы ақшаларына қолданылады.


Банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ оның салымшыларына кепілді өтем төлейді. Бұл жерде салымның түрі мен валютасына қарай бекітілген шекті кепілдік мөлшері, сондай-ақ салымға есептелген сыйақы мөлшерлемесі ескеріледі.


Максималды кепілдік мөлшері заңнама жүзінде бекітілген және оның сомасы салымның түрі мен валютасына қарай әрқалай болып келеді. Мысалы, теңгелік жинақ салым бойынша кепілдік мөлшері 20 млн теңгеден асырылмайды. Бұл тақырып бойынша толығырақ мына ақпарат көзінен танысып шығуға болады.  


Төлемдер қашан басталады?


Кепілді өтем банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде төленеді. Алайда іс жүзінде бұдан да ерте беріледі. Мысалы, 2020-2021 жылдардағы сақтандыру жағдайлары бойынша таратылып жатқан «Tengri Bank», «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» және «Capital Bank Kazakhstan» банктерінің салымшылары өздерінің қаражаттарына 6-8 жұмыс күні ішінде қол жеткізді.  


Қор салымшыларға төлемнің басталуы туралы алдын ала хабарлайды. Айталық, заңнамаға сәйкес банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 30 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ ресми баспасөз басылымдарында хабарландыру жариялайды. Онда өтем төлеудің басталу күні, мерзімі мен өтем төлеу орындары, осы төлемді жүзеге асыратын агент банктердің атауы көрсетіледі. Бір мезгілде тиісті баспасөз хабарламасы ҚДКБҚ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және агент банктердің сайтарында жарияланады. Сондай-ақ аталмыш ақпарат телеарна жаңалықтарында айтылып, интернет және әлеуметтік желілерде тарайды.


ҚДКБҚ мен агент банктер хабарландыру жарияланған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде өтініштер қабылдап, өтем төлеуді жүзеге асырады.


Салымшылар қандай мерзім ішінде кепілді өтемді алуға өтініш бер алады?


Салымшы төлем басталған күннен бастап, 1 жыл ішінде ҚДКБҚ немесе агент банкке өтем алуға өтінішті және қажетті растаушы құжаттарды бере алады. Оларды қарау мерзімі және өтем төлеу туралы шешім қабылдау 5 жұмыс күнінен асырылмайды.


Атап өту керек, ҚДКБҚ төлем мерзімінің аяқталатын күні туралы бұқаралық ақпарат құралдары және өзінің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында төлем мерзімі аяқталуға жарты жыл және 30 күн қалғанда хабарлайды.


Егер салымшы төлем мерзімін өткізіп алса, не істеуі керек?


Төлем мерзімі аяқталған соң, ҚДКБҚ салымшылардың талап етпеген ақшаларын олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударады. Бұл үдеріс салымшылардың деректемелерін салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.


Егер салымшы төлем мерзімін «дәлелді себептер» бойынша өткізіп алған болса, тіпті оның ақшасы БЖЗҚ-ға аударылып кеткен күннің өзінде сол   өтем ақшаны алу жөнінде Қорға жазбаша өтінішпен жүгіне алады.


Заңнамада дәлелді себептердің мынадай тізімі бекітілген:

  • әскери қызметке кіру;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу;
  • депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;
  • бас бостандығынан айыру орындарында болу;
  • сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

 

Жоғарыда аталған кез келген себеп тиісті құжаттармен расталуы тиіс.


Атап өту керек, дәлелді себептер бойынша төлем алу жөніндегі өтініш ҚДКБҚ-ға мына мерзім ішінде, яғни:

  • банк түпкілікті таратылғанға дейін;
  • зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен  зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындағанға дейін берілуі тиіс.

    

«Дәлелді себептер» бойынша өтем алуға өтініш беру туралы толыққанды ақпаратты мына материалдан оқып шығуға болады.

   

Қорытындылай келе еске саламыз, депозиттер бойынша кепілдік беру және банк лицензиясынан айырылған жағдайда өтем төлеу тәртібі туралы толыққанды мағлұматтармен ҚДКБҚ kdif.kz сайтынан, сондай-ақ соған қатысты сұрақтарды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask telegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға болады.