Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ Төрағасы IADI атқарушы кеңесінің отырысына қатысты

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Швейцарияның Базель қаласында Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (IADI) Атқарушы кеңесінің 75-ші отырысы болып өтті. Оған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) Төрағасы қатысты.


Айталық, Халықаралық қаржылық есептілік стандартын (IFRS 17) депозиттерді сақтандырушылардың жұмысына қолдану - отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды. ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев салымдарды сақтандыру ұйымдарының қызметінде бұл бағыттың маңыздылы және өзекті екендігін атап өтті.


Утембаев-1.jpg


Талқылау барысында көпшілік елдер депозиттерді сақтандырушыларға IFRS 17 стандартын қолдану үшін алдымен оған қатысты нақты ұстанымды тұжырымдап алу қажеттігін қолдады.  


Отырыс аясында қатысушылар IADI өңірлік комитеттерінің және бюджет мәселелері бойынша комитеттерінің баяндамаларын, IADI-ге жаңа мүшелер қабылдауды, негізгі жетістіктерді және депозиттерді сақтандырушылар алдында тұрған сын-қатерлерді талқылады.   


Еске саламыз, ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев 2022 жылдың 28 қазанында Буэнос-Айресте өткен 21-ші Жалпы жылдық жиналыста EXCO мүшелігіне үш жылдық мерзімге сайланды. Айталық, EXCO IADI-дің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. EXCO құрамына 24 ұйым енген. Олар Жалпы жылдық жиналыста сайланады және Қауымдастықтың өңірлік алуан түрлілігін білдіреді.


Утембаев-2.jpg


Анықтамалық: IADI депозиттерді сақтандырушылардың ғаламдық форумы. Оның мақсаты ұсыныстар тарату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы салымдарды сақтандыру тиімділігін арттыру. IADI қауымдастығы 2002 жылы коммерциялық емес қауымдастық ретінде құрылды. Штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласындағы Халықаралық есеп айырысу банкінде орналасқан. Қазіргі уақытта IADI құрамында 92 қатысушы бар.