Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Депозит базасының жылдық өсімі 2015 жылдан бері осы жылдың шілдесіне қарай шарықтау шегіне жетті

2023 жылдың 2 тоқсаны ішкі және әлемдік нарықта инфляциялық болжамның төмендеуімен және ғаламдық экономикалық өсімнің оған дейінгі болжамдардан[1] басып озып, бірқалыпты қарқында дамуымен есте қалды.


Ғаламдық экономиканың біртіндеп тұрақтануы аясында, сондай-ақ отандық банктердің капиталы мен өтімділік қорының жеткіліктілігін ескерсек, елдің қаржы секторы 2023 жылдың алғашқы жартысында өзінің тұрақтылығын сақтап, дамуын жалғастырды.   


Халықтың табысы және депозиттер бойынша ағымдағы сыйақы мөлшерлемелерінің өсуі (орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы табыс 2023 жылдың алғашқы жартысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға жоғарылады) бөлшек саудалық депозит нарығының одан әрі өсуіне септігін тигізді. Ал жеке тұлғалардың шоттарының 99,8%-ын толық көлемде өтей алатын, еліміздің ағымдағы депозиттерге кепілдік беру жүйесі халықтың банк жүйесіне деген сенімін одан әрі нығайта түсті.     


Нәтижесінде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің бөлшек саудалық депозиттік қоржыны алғашқы жартыжылдықта 6,4%-ға өсіп, есепті кезеңнің соңына қарай 18,0 трлн теңгеге жетті (1-сурет). Ал депозиттік базаның тұрақты өсуінің арқасында 2023 жылдың 1 шілдесіне қарай жылдық өсім 31,4%-ды (+4,3 трлн теңге) құрады. Бұл 2015 жылдан бергі максималды көрсеткіш.

 

1-сурет. Бөлшек саудалық депозит нарығы тұрақты өсуде

 Рисунок1.png

Депозиты физических лиц – Жеке тұлғалардың депозиттері
Квартальный прирост – Тоқсандық өсім


Депозиттік базаның өсуіне теңгелік депозиттердің айтарлықтай өскендігі арқасында қол жеткізілді. Теңгелік депозиттер валюталық депозиттердің қысқаруының орнын толтырды. Айталық теңгелік депозиттер ағымдағы жылдың алғашқы жартысында 12,2%-ға, ал жылдық есепте – 40,7%-ға (+3,6 трлн теңге) ұлғайды. Бір мезгілде шетел валютасындағы депозиттердің көлемі де алғашқы жартыжылдықта 4,8%-ға қысқарды. Бұл ретте 2-тоқсанда қысқару үрдісі депозиттік қоржынның[2] барлық сегментінде 1,9%-дан 2,7%-ға дейінгі аумақта байқалды.


Ұлттық валютадағы депозиттер теңгелік салымдарды қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламаның аяқталғандығына қарамастан өзінің молаюын одан әрі жалғастырды. Мұны жеке тұлғалардың табыстарының өскендігімен, шетел валютасы бойынша табыстылықтан бірнеше есе асатын теңгелік депозиттер бойынша табыстылықтың тартымдылығымен, сондай-ақ валюталық депозиттердің теңгелік депозиттерге ішінара айырбасталуымен түсіндіруге болады. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру тарихи тұрғыда ең төмен көрсеткішке жетті: алғашқы жартыжылдықта осы жылдың 01 шілдесіне қарай 3,6 пайыздық тармаққа төмендеп, 30,4%-ды құрады (2-сурет).   

 

2-сурет. Депозиттік қоржынды долларландыру тарихи минимумға жетті

 Рисунок2.png

* долларландырудың «психологиялық деңгейі» туралы сараптамалық пікірді білдіреді. Одан асу банк қорланымы бойынша белгілі бір тәуекелді тудырады

 

Халық депозиттері бойынша мөлшерлемелер 2023 жылдың алғашқы жартысы барысында өзінің бұрынғы жоғары деңгейінде сақталды. Атап өту керек, мөлшерлемелердің Қор ұсынған «шегі» болатындығына қарамастан, қатысушы банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өзінің ішкі депозиттік саясаты мен қорландыруға деген қажеттіліктеріне қарай өз бетімен белгілейді.


Есепті кезең барысында Қазақстанда инфляцияның теріс серпіні байқалды: жылдық инфляция 2023 жылғы ақпандағы өзінің максималды мәнінен (21,3%) ағымдағы жылдың маусымында 14,6%-ға дейін төмендеді. Бұл ҚР Ұлттық Банкінің жүргізіп жатқан саясатының нәтижесі. ҚР Ұлттық Банкінің болжамы бойынша инфляция деңгейі 2024 жылы 7,5-9,5%-ға дейін төмендейтін болады. Инфляция бойынша орта мерзімді келешекке арналған мақсат - жылдық инфляцияны 5% мөлшерінде сақтау.


Инфляция көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша нақты табыстылық екінші тоқсанда плюске шықты. Айталық, мерзімі 12 айлық жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелер 2023 жылдың 01 шілдесіне қарай 14,4%-17,4%-ды, мерзімді салымдар бойынша - 10,4%-16,1%-ды және ұлттық валютадағы бөлшек саудалық депозиттік портфельдің жартысынан астамын құрайтын мерзімсіз салымдар бойынша - 15,1%-ды құрады. Инфляциялық қысым біртіндеп төмендеп жатқандықтан, қазіргі уақытта ақшаны депозиттік өнімге салу – жинақ ақша бойынша жоғары табыстылықты бектіудің тиімді әдісі болып табылады.  


Қазақстанның депозит нарығы ішкі және сыртқы факторларға қарамастан, қаржы нарығының анғұрлым тұрақты сегменті болып қала бермек. Өйткені депозиттер халық үшін ақша жинаудың ең тиімді құралы. Ал оған қоса ҚДКБҚ кепілдіктерінің бар болуы депозиттер бойынша тәуекелдерді мейлінше қысқартады деуге болады.   


ҚДКБҚ бұдан кейін де сіздерді бөлшек саудалық депозит нарығының дамуы туралы хабардар етіп отырады. Қосымша ретінде нарыққа жасалған тоқсан сайынғы шолулармен ҚДКБҚ www.kdif.kz сайтының «Баспасөз орталығы» - «Аналитикалық шолулар» бөлімінен оқып, таныса аласыздар.



[1] Global Economic Prospects, 2023 ж. қаңтары, 2023 ж. маусымы, Дүниежүзілік банк, https://openknowledge.worldbank.org

[2] Бұқаралық сегмент – қалдық ақшасы 15 млн теңгеге дейін болатын депозиттер; орта сегмент – қалдық ақшасы 15 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін болатын депозиттер; ірі сегмент – қалдық ақшасы 50 млн теңгеден асатын депозиттер