Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 3-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – қазақстандық ер азаматтардың ақша жинау дағдылары туралы

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) «Elim» маркетингтік және әлеуметтік зерттеу институтымен бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеу деректері негізінде қазақстандық ер азаматтардың қаржыға және ақша жинауға деген көзқарасын зерделеді. Жаппай сауалнамаға бүкіл еліміз бойынша 4 000 респондент қатысты. Олардың ішінде 18 жастан 65 жас аралығындағы ер азаматтардың үлесі 2 020 адам.


Респонденттердің 80%-ы үйленгендер. Жауап берушілердің 88%-ының жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар.

Осы ретте:


  • респонденттердің 37%-ы – кәсіпкерлер немесе қызметтер көрсету саласында, саудада жұмыс істейді;

  • респонденттердің 22%-ы – экономиканың нақты секторында: өндіріс, көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді;

  • білім, ғылым және мәдениет салаларында қызмет атқаратын респонденттердің үлесі – 7%;

  • 6% – экономистер, қаржыгерлер;

  • 5% – IT саласының кәсіпқой мамандары;

  • респонденттердің 2%-ы мемлекеттік басқару саласында мансабын жалғастыруда;

  • респонденттердің 2%-ы – әскери қызметшілер немесе заң саласында жұмыс істейді және олардың төрттен бірі – 30 жасқа дейінгі азаматтар (әскери қызметші және заңгер әйелдердің үлесі де 2%-ды құрады. Зерттеушілердің атап өткеніндей, іріктемеде әскери қызметшілер үлесінің аз болуы ақпарат жинау әдісіне байланысты болуы мүмкін – қалалар мен елдімекендердің көшелерінде және телефон бойынша жүргізілетін әлеуметтік термесауал).


Респонденттердің 32%-ының банктерде жинақ ақшалары мен депозиттері бар (30 жасқа дейінгі еркек респонденттер арасында – 33%). Әсіресе отбасын құрған респонденттер арасында депозиті барлардың үлесі ең жоғары – 81%.


Сауалнамаға қатысқан ер азаматтардың 76%-ының депозиттері тек ұлттық валютада ашылған.

 

Депозит ашудағы топ-5 мақсаттар:


  • күтпеген жағдайларға дайын болу үшін жинақ ақша және «қауіпсіздік көпшігін» қалыптастыру (52%),

  • жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сатып алу (16%),

  • бизнес ашу жоспары (5%),

  • пассив табыс үшін база қалыптастыру (5%),

  • білім алуға төлеу (4%).

 

Респонденттердің 45%-ы депозит ашу барысында пайыздық мөлшерлемеге көңіл бөлетіндігін атап өткен, 31%-ы депозиттен оңай ақша алу және оны оңай толықтыру мүмкіндігін бағаласа, 29%-ы банктің беделіне баға береді, респонденттердің 19%-ы үшін ыңғайлы мобильді банкинг маңызды.

 

Еске саламыз, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың депозиттеріне, оның ішінде банк карточкаларындағы немесе шоттарындағы ақшаларына кепілдік береді. ҚДКБҚ максималды кепілдік сомасы депозиттің түрі мен валютасына тікелей тәуелді және ол:


  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңгені,

  • теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша – 10 миллион теңгені,

  • шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.

 

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы әрбір банктегі депозиттер өз алдына бөлек қорғалған. Егер салымшының бір банкте әртүрлі бірнеше депозиті және солардың арасында жинақ салымы да бар болса, ҚДКБҚ жиынтық кепілдігі салымның әрбір түрі мен валютасы бойынша белгіленген лимиттерді ескере отырып есептеледі және ол 20 млн теңгеден асырылмайды.


Бұған дейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Elim» маркетингтік және әлеуметтік зерттеу институтымен бірлесіп жүргізген жұмыстары негізінде кең көлемді аудитория, жастар, қазақстандық әйелдер мен қазақстандық отбасылар арасындағы ақша жинау әдетін, жинақ ақшаларының бары-жоғын зерделеу қорытындыларын жариялған болатын.


Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы көбірек біліңіз: www.kdif.kz, 1460 (қоңырау шалу тегін).


2025 жыл, 6 мамыр