ҚДКБҚ отандық банктердегі клиент әйелдердің ақша жинауға деген ықыласын зерделеді
2024 жылы жүргізілген кең көлемді әлеуметтік зерттеу аясында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) мен «Elim» маркетингтік және әлеуметтік зерттеу институты бірлесіп, қазақстандық әйелдердің ақша жинауға және депозиттерге деген көзқарасын анықтады. Жаппай сауалнамаға 18 бен 65 жас аралығындағы 1 980 азаматша қатысты.
Нәзік жанды респонденттердің 80%-ға жуығы тұрмыс құрған, 18–29 жас аралығындағы респондент арулар арасында – 71%. Еліміз бойынша жауап берушілердің 89%-ының жоғары білімі немесе ғылыми дәрежесі бар.
-
Респонденттердің 32%-ы қызметтер көрсету саласында, саудада жұмыс істейді немесе бизнеспен айналысады.
-
Қаржы және экономика саласында респонденттердің 10%-ы еңбек етеді.
-
Білім, ғылым және мәдениет салаларында қызмет атқаратын респонденттердің үлесі – 10%.
-
Респонденттердің 18%-ы экономиканың нақты секторында (өндіріс, көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы) еңбек етеді.
-
Ақпараттық технология саласында респонденттердің 4%-ы, мемлекеттік басқару саласында – 2%-ы өздерінің мансап жолын жалғастыруда.
-
Респонденттердің 3%-ы – медициналық қызметкелер.
-
Респонденттердің 5%-ы – банк секторында қызмет атқарады.
Респонденттердің 34%-ының банктерде жинақ ақшалары мен депозиттері бар. Бұл ретте олардың 35%-ы ауылдық жерлерде, 12%-ы Алматы мен Астанада және 53%-ы басқа қалаларда тұрады. Әйелдер өздерінің жинақ ақшаларын әртүрлі банктерге бөліп орналастыруға бейім тұрады – жауап берушілердің 51,6%-ы осылай жасайды.
Банкті таңдау кезінде әйелдер ерлерге қарағанда мобильді банкингтің және клиенттерге арналған бейілділік жүйесінің ыңғайлылығына, бонустар мен кешбэктерге жиі көңіл бөлуге бейім келеді. Бұл ретте банктердің клинеттері үшін топ-үш фактор – бұл тиімді сыйақы мөлшерлемесі (44%), депозиттен ақша алу, оған ақша салу мүмкіндігі (35%) және банктің беделі (31%).
Жауап беруші әйелдердің 81%-ының теңгелік депозиті бар, осы ретте 30 жасқа дейінгілердің арасында жинақ ақшаларын теңгеде сақтауды қалайтындардың үлесі де 81%-ды құрайды. Клиент әйелдердің 79%-ының тек теңгелік депозиті бар және олар жинақ ақшаларын шетел валютасында сақтамайды.
30 жасқа дейінгі азаматшалар үшін ақша жинаудағы басты мақсат – жылжымайтын мүлік сатып алу (14%), болашаққа немесе алдағы күтпеген жағдайлар үшін жинау (17%) және бизнес ашу мақсатында жинау (5%).
30 жастан асқан азаматшалар үшін де сол мақсаттар өзекті: 12%-ы жылжымайтын мүлік сатып алуды армандайды, 16%-ы – қаржылық резерв жасау үшін жинайды, ал 4%-ы үшін басты мақсат – бизнесті жүргізу.
Барлық жастағы респондент әйелдердің 30%-ына депозит ашуға айналасындағылар үлгі болған. Депозиті жоқ респонденттердің 12%-ы қаражаттарын бизнеске, бағалы қағаздарға, құнды металдарға немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсағанды жөн санайды.
2025 жыл, 7 наурыз
2025 жыл, 7 наурыз