Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Жапонияда депозиттерді сақтандырушылардың аймақтық комитетінің жылдық отырысы болды

2023 жылдың 29 мамыры мен 1 маусымы аралығында Фукуока қаласында (Жапония) Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (IADI) Азия-Тынық мұхит аймақтық комитетінің 21-ші жылдық отырысы болып өтті. Оған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) делегациясы да қатысты.


 Комитет Азия құрлығындағы 21 мемлекеттің депозиттерге кепілдік беру ұйымдарын біріктіреді. Оның қызметі депозиттерге кепілдік беру бойынша ұлттық жүйелерді жетілдіру мақсатында күш біріктіруге және тәжірибе алмасуға бағытталған.   


image001.jpg


 Отырыс аясында Комитет жұмысының стратегиялық және басымдыққа ие бағыттары талқыланды. Сондай-ақ депозиттерге кепілдік берудің өзекті тұстары, оның ішінде депозиттерге кепілдік беру жүйелерінің тиімділігін арттыруға арналған Негіздік қағидаттарды енгізу бойынша зерттеу жүргізу және оқытуға қатысты бірлесе әрекет ету мәселесі қаралды.     


 Сапар бағдарламасы «Жаңа дәуірге қадам басу: депозиттерді сақтандырушылардың дәстүрлі құралдарды жаңартуы және жаңа тәсілдерді ықпалдастыруы» атты Халықаралық конференцияға ұласты. Конференция барысында қатысушылар салымдарға кепілдік беру саласындағы даму үрдістері мен әлеуетті қауіп-қатерлерді ғаламдық және аймақтық тұрғыдан талқылады және бұл мәселеде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.  


 Одан басқа, 29 мамырда ҚДКБҚ мен Индонезияның депозиттерді сақтандыру корпорациясы өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті. Кездесу аясында тараптар бірлесе әрекет етудің ықтимал бағыттары, атап айтар болсақ, исламдық қаржыландыруды дамыту және ислам банктерінің өнімдеріне кепілдік беру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушы банктердің күнтізбелік жарналарының сараланған мөлшерлемелері моделін енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасты. Бұдан басқа таяу уақытта «Өзара екіжақты ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы» Меморандумға қол қою бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.


 «Осындай шараларды өткізу – шетелдік әріптестермен депозиттерге кепілдік беру саласындағы соңғы уақиғалар мен үрдістерді талқылауға тамаша мүмкіндік береді, – деді өз сөзінде ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев, – біздің Қор депозиттерді сақтандырушыларды біріктіруші халықаралық ұйымның жұмыстарына тұрақты түрде белсене қатысып келеді. Бұл ұйымдастырылған отырыс Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесін одан әрі жетілдіруде тағы бір маңызды қадам болатындығына еш күмәнім жоқ».