Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төлеу: банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанда ашылған теңгедегі депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) алуға өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталатынын еске салады.


Соңғы мәліметтер бойынша, банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдады, бұл төленетін өтемақының ықтимал сомасының 85% - ын құрайды.


ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов: «Сыйақы алуға талаптанған салымшылардың барлығы ЕДБ-ге әлі өтініш берген жоқ. Көбінесе бұл шағын депозиттердің иелері. Осылайша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, салымшылардың жартысынан көбі (54%) сомасы 10 мың теңгеден аз шот иелері болып табылады - негізінен бұл қаражаты ең төменгі қалдыққа дейін алынған депозиттер. Көлеміне қарамастан, Бағдарлама ережелеріне сәйкес келетін барлық депозиттер бойынша сыйақы есептелетінін атап өткім келеді».


Сыйақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей депозиті орналастырылған банкке өтініш беру арқылы келісімін растауы қажет.


«Салымшыларды өтемақы мөлшері аз болса да, төлемді алу құқығын пайдалануға шақырамын, себебі өтініш беру үдерісінің өзі бірнеше минутты ғана алады. Банктердің көпшілігі бұл қызметті мобильді қосымшаларда немесе ЕДБ сайтында жүзеге асырады», - деп сөз қосты А.Құдайбергенов.


Өтемақы төлемдері 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін басталады. 10% өтемақы алынуы мүмкін ең жоғары сома 20 миллион теңгені құрайды.


Толық ақпаратты депозит орналастырылған банктерден алуға болады, немесе сұрақтарыңызды info@kdif.kz электронды поштасына, @kdif_ask telegram-чатына немесе 1460 тегін нөмірі бойынша ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға болады.