Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Тарату комиссияларының есебінен арнайы резервті қалыптастыру

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі қаржы саласының тұрақтылығы мен салымшылардың сенімін қамтамасыз етудің іргелі құрылымы болып табылады. Ал Қазақстанның депеозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) – депозиторлардың мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырушы бірегей орган.


Банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына ҚДКБҚ арнайы резервінің қаражаты есебінен кепілді өтем төленеді. Арнайы резервті қалыптастыруда маңызды қаржы көздерінің бірі – банктердің тарату комиссияларынан алынатын түсімдер. Енді осы механизмді толығырақ қарап шығалық.   


Уәкілетті орган лицензиясынан айырған банктердің салымшыларына ҚДКБҚ кепілді өтем төлейді. Кейін кепілді өтемді төлеуге жұмсалған қаражатты тарату комиссиясы таратылып жатқан банктің активтерінен өндіріп алады.   


Тарату комиссиясы – бұл төлем қабілетін немесе барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған банкті таратуға уәкілеттілік алған орган. Тарату комиссиясының негізгі міндеттері – банктің активтерін сату, дебеторлық берешектерді өндіріп алу және банктің кредиторларының талаптарын қанағаттандыру.


ҚДКБҚ банкті тарату үдерісі жүріп жатқан шақта оған кері талап қоюға құқылы. Бұл дегеніміз, ҚДКБҚ салымшыларға кепілді өтем төлеп болған соң, бұл қаражатты таратылатын банктен талап етеді. Бұл механизм ҚДКБҚ-ға салымшыларға төленген қаражаттың бір бөлігін қалпына келтіруге және оларды арнайы резервті толықтыруға жұмсауға мүмкіндік береді.


Тарату комиссияларынан аударылатын түсімдер ҚДКБҚ-ның арнайы резервін қалыптастырудың маңызды қаржы көздерінің бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде Қордың шұғыл төлемдер жасауға дайындығын арттырады және салымшылардың жинақ ақшаларының сенімді сақталуын қамтамасыз етеді.


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесі құрылған уақыттан бері күні бүгінге дейін, таратылу үдерісіне түскен банктер ҚДКБҚ өтем ретінде төлеген 115,4 млрд теңгенің 62,5 млрд теңгесін қайтарған. Бұл олардың ҚДКБҚ алдындағы міндеттемелерінің 54,1%-ын құрайды.


Бұл ретте атап өту керек, таратылатын банктің кредиторларының талаптарын қанағаттандыру «банктің тарату массасының» саны мен сапасына тікелей байланысты. Бұл «массаға» банктің дебеторлық берешектері, жылжитын және жылжымайтын мүліктері және басқа да активтері кіреді.     


Кепілдік берілген депозиттердің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін тарату комиссияларынан алынған қаражаттар әлемде депозиттерді сақтандырудың маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл жүйе депозиттерді сақтандыру жүйесі жұмыс істейтін көптеген елдерде қолданылады. Олардың ішінде АҚШ және Еуропа елдері де бар.


Америка құрама штаттарында Банк салымдарын сақтандыру бойынша ұлттық агент (FDIC) дәл осындай рәсімдерді жүзеге асырады. Америкалық заңнамаға сәйкес банк банкротқа ұшырағанда немесе лицензиясынан айырылғанда тарату үдерісі жүргізіледі. Депозиторларға өтем ретінде төленген қаражат кейін кері талап ету арқылы қайтарылады.  


Еуропалық одақ депозиттерге міндетті кепілдік беру бойынша ортақ стандартқа ие. Сәйкесінше осы одаққа көптеген мүше елдер осы тектес механизмдерді қолданады. Кейбір жағдайларда бұл қаражаттар елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін банк саласындағы басқа да маңызды мекемелерге қаржылай қолдау көрсетуге де жұмсалуы мүмкін.


Осылайша арнайы резервті қалыптастыру үшін тарату комиссияларынан алынған қаражаттарды резервті қалыптастыруға пайдалану – тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылады және ол бүкіл әлем бойынша қаржы тұрақтылығын және банктерде депозиттердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуде ғаламдық норма болып табылады.