Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Шілде айында жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің бекітілгендігін хабарлайды.

12 және 24 айға қабылданған жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын шекті мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалады, яғни толықтырылатын түрі - 12,9% және сәйкесінше толықтырылмайтын түрі - 14,9%. Бұл ретте осы мерзімдерге ашылған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер толықтырылатын түрі бойынша 0,1 пайыздық тармаққа (бұдан әрі – п.т.) және толықтырылмайтын түрі бойынша 0,3 пайыздық тармаққа азаяды.

Айта кетелік, 12 және 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер орташа алынған нарықтық сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі.

ҚДКБҚ қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін баяу төмендету туралы бұған дейін қабылдаған шешіміне сәйкес базалық мөлшерлемеге қатысты спредті 1 п. тармаққа төмендетті. Осылайша 9,5 пайыз болатын қазіргі қолданыстағы базалық мөлшерлеме мен жеке тұлғалардың салымдары бойынша бұған дейін бекітілген мөлшерлемелер арасындағы алшақтық біртіндеп азайтылды.

Соның нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 10,0 пайыз деңгейінде бекітіледі. Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 ай мерзімге арналған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер - 10,0 пайызды, толықтырылмайтын түрі бойынша - 10,5 пайызды құрайды. Осы мерзімге арналған жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер, толықтырылатын түрі бойынша - 11,0 пайызға, ал толықтырылмайтын түрі бойынша 11,5 пайызға тең.



Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020 маусымы

2020 шілдесі

2020 маусымы

2020 шілдесі

Мерзімсіз депозиттер

11,0

10,0 ▼

11,0

10,0 ▼

Мерзімді депозиттер

3 ай

11,0

10,0 ▼

11,5

10,5 ▼

6 ай

11,0

10,0 ▼

11,5

10,5 ▼

12 ай

10,5

10,4▼

11,2

11,1 ▼

24 ай

10,3

10,0▼

11,1

10,8 ▼

Жинақ депозиттер

3 ай

12,0

11,0▼

12,5

11,5 ▼

6 ай

12,0

11,0 ▼

12,5

11,5 ▼

12 ай

12,8

12,8

14,9

14,9

24 ай

12,9

12,9

14,9

14,9