Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Qazaq Banki салымшыларына агент-банк арқылы төлем мерзімін ұзартты

ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына 2020 жылдың 24 маусымына дейін қоса алғанда кепілдік берілген өтем төлеуді жалғастырады. Осы күннен кейін банк салымшылары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына (бұдан әрі – ҚДКБҚ) тікелей жүгінуі қажет.

Qazaq Banki салымшыларына агент-банкі арқылы өтем төлеу 2018 жылдың 24 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылатынын, сондай-ақ алғашқы төлемді 2019 жылдың 24 маусымында аяқтау жоспарланғанын еске саламыз. Алайда, басым көпшілігі салымшылардың өтемді алуға өтініш білдірмегендіктен, агент-банкі арқылы төлем мерзімін 2019 жылдың 24 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Өткен 12 айда ВТБ Банкі (Қазақстан) Qazaq Banki салымшыларына ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен 20,3 млрд теңге сомасына өтем төледі, бұл міндеттемелер жалпы сомасының 99%-ын құрады. Бүгінгі күні кепілдік берілген өтемді алуға жүгінбеген Qazaq Banki салымшылары алдындағы міндеттемелердің қалдығы 228,0 млн теңгені құрайды.

Өтемді барлығы 5 871 салымшы алды, бұл банк салымшылары жалпы санының 33%-ын құрайды. ҚДКБҚ-ның Call-орталығы салымшылардың қалған бөлігіне қоңырау шалды: көбі шоттардағы қаражаттың аздығына байланысты өтемді алуға жүгінбеген, бірақ мұндай мүмкіндік туралы білмеген адамдар да болды. Осыған байланысты, сондай-ақ салымшылардың агент-банкке жүгінуін жалғастыруына байланысты, ҚДКБҚ ВТБ Банкі (Қазақстан) келісімнің қолданыс мерзімін тағы да жарты жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ салымшыларын кепілдік берілген өтемді алу үшін агент-банкке жүгінуге шақырады. Агент-банктың филиалдары мен бөлімшелерінің тізімімен мына веб-сайтта танысуға болады: www.vtb-bank.kz. Филиалдар мен бөлімшелердің жұмысы туралы ақпаратты анықтама қызметінен 5050 қысқа нөмірі бойынша алуға болады (ұялы телефоннан тегін).

Qazaq Banki шоттар, карточкалар мен депозиттер ашық осы банк салымшыларының барлығы (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) өтемді алуға құқылы.
Өтемақы депозиттің және жинақталған (капиталдандырылған) сыйақының толық сомасында төленеді. Төлемнің ең жоғары сомасы:

 – 10 миллион теңге – ұлттық валютадағы депозиттері бойынша;

– 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттері бойынша (баламасы, 2018 жылғы 12 желтоқсандағы валюта айырбастау бағамы бойынша).

«Qazaq Banki» АҚ-да бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында орналастырылған бір салымшының депозиттері бойынша 15 миллион теңгеден аспайтын жиынтық кепілдік берілген өтем төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша өтем 5 миллион теңге баламасынан аспайды.

Кепілдік берілген өтемді төлеу касса арқылы қолма-қол төлеммен немесе деректері өтемді төлеуге арналған өтініште көрсетілетін өтініш берушінің банктік шотына қолма-қолсыз ақша аударыммен жүргізіледі.

Төлем сомасын есептеумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиясына жүгінуі қажет:
Алматы қаласында: Алматы қ., Төлебаев к-сі, 38/61, «Жетісу» БО, 4 қабат (Мақатаев көшесінің қиылысы),телефон: 8 (727) 380 39 51
Нұр-Сұлтан қаласында: Алматы ауданы, Иманов көшесі, 11, «Нұрсәулет» БО, телефон: +7 (717) 291 92 60.

Депозиттер бойынша кепілдік, өтем төлеу тәртібі туралы барлық сұрақтар бойынша «Qazaq Banki» АҚ салымшылары тегін 1460 қысқа нөмірі бойынша ҚДКБҚ call-орталығына жүгіне алады, сондай-ақ сұрау салуды электрондық пошта: info@kdif.kz, веб-сайтында www kdif.kz, немесе телеграмм-чатта @kdif_ask сұрақ жібере алады.

Анықтама

«Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімі негізінде барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған. 2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 2018 жылдың 29 қарашасында берілген апелляциялық шағым бойынша сот ісін жүргізудің тоқтатылуына байланысты, Алматы қаласының МАЭС 2018 жылғы 24 қазандағы шешімі 2018 жылғы 12 желтоқсанда күшіне енді. 13 желтоқсанда ҚДКБҚ ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі ретінде тағайындау туралы шешімін жариялады, ол ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдайды және өтемді төлейді.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ - бұл 1999 жылы екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. ҚДКБҚ банк қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 25 банк қатысуда.