Наурыз айына мөлшерлемелер ақпан деңгейінде сақталды
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2020 жылдың наурыз айына теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Олар бұрынғы деңгейін сақтап қалуда.
Естеріңізге сала кетейік, ҚДКБҚ ай сайын мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттері бойынша максималды мөлшерлемелерді жариялайды. Мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлеме Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізінде, ал мерзімді мен жинақ салымдары нарықтық мәндер негізінде есептеледі.
Депозиттің санаты | Толықтырылатын депозиттер бойынша, % | Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, % | ||
---|---|---|---|---|
Ақпан | Наурыз | Ақпан | Наурыз | |
Мерзімсіз депозиттер | 9,8 | 9,8 | 9,8 | 9,8 |
Мерзімді депозиттер | ||||
3 айға | 10,3 | 10,3 | 10,3 | 10,3 |
6 айға | 10,3 | 10,3 | 10,3 | 10,3 |
12 айға | 10,7 | 10,7 | 11,2 | 11,2 |
24 айға | 10,8 | 10,8 | 11,9 | 11,9 |
Жинақ депозиттер | ||||
3 айға | 12,7 | 12,7 | 12,7 | 12,7 |
6 айға | 13,4 | 13,4 | 13,4 | 13,4 |
12 айға | 13,0 | 13,0 | 14,1 | 14,1 |
24 айға | 12,6 | 12,6 | 14,5 | 14,5 |