Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Нұр-Сұлтанда ҚДКБҚ өкілдігі ашылды

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласында Қордың алғашқы өкілдігі ашылды. Мекенжайы: Байқоңыр ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 11.

Қор болашақта Қазақстанның басқа да ірі қалаларында өкілдік ашуды қарастыратын болады. Астаналық өкілдік бүгін – 2020 жылдың 17 шілдесінде есептік тіркеуден өтті.

Өкілдік өз қызметін «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қордың Жарғысына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен Қордың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Өкілдік Қордың оқшауланған бөлімшесі болып табылады және өз құзыреті аясында өкілдік және Қордың мүдделерін қорғау бойынша заңды әрекеттерді орындайды.

Өкілдіктің негізгі атқарымдары мынадай:

  • өкілдіктің мекенжайына жүгінген салымшылардың арыздары мен
    кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтініштерін қарастырады, сондай-ақ тұрғындарға Қор қызметі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі туралы ақыл-кеңес береді және түсіндіреді;
  • Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан қатысушы банктерден тиісті
    құжаттар алу және агент банктің жергілікті бөлімшесінің төлемдерді жүзеге асыру рәсіміне бақылау жұмыстарын жүргізеді;
  • мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Қордың мүдделерін
    білдіреді, Қордың басқа да тапсырмаларын орындайды;
  • қатысушы банктердің уақытша әкімшілігінің және тарату комиссиясының Нұр-Сұлтан қаласында құрылған бөлімшелерінің құрамына, сондай-ақ таратылатын қатысушы банктің астанада орналасқан кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.

Осылайша ел астанасында Қор өкілдігінің болуы Қордың өз міндеттері мен қызметтерін ойдағыдай орындауына септігін тигізеді, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мен оған іргелес орналасқан елдімекендерде тұратын салымшылардың арыздары мен кепілдік берілген өтемді алу туралы өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік береді.