Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Кепілді өтем алуға өтінішті «дәлелді себептер бойынша» қалай дұрыс беруге болады?

Қазіргі уақытта қаржыны басқару күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналған. Көпшілігіміз жинақ ақшамызды банктерге сеніп тапсырамыз. Өйткені олардың сақталатындығына ғана емес, банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілді өтем ретінде қолымызға қайта түсетіндігіне үміт артамыз. Өткен жарияланымда біз заң жүзінде белгіленген мерзімде (төлем басталған күннен бастап 1 жыл ішінде) қандай да бір себептерге байланысты өтем алуға үлгермесек, не істеуге болатындығы туралы әңгімелеген едік. Бүгін біз кепілді өтем алуға өтінішті «дәлелді себептер бойынша» қалай дұрыс беруге болатындығын қарастырамыз.


Еске саламыз, қандай мән-жайлардың дәлелді себептерге жататындығы заңнама тұрғысында нақты көрсетілген. Олар:


•        әскери қызметке кіру;

•        Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу;

•        депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны

          иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

•        бас бостандығынан айыру орындарында болу;

•        сот анықтаған өзге де мән-жайлар.


Дәлелді себептер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі өтініш ҚДКБҚ-ға арнайы нысан бойынша беріледі. Оны ҚДКБҚ сайтынан жүктеп алуға болады. Салымшы оны өз қолымен толтырып, оған дәлелді себептерді растайтын құжаттарды қоса тіркеуі қажет.


Оларға мынадай құжаттар жатады:

салымшы әскери қызметке орналасқан жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери басқарма органдары берген, әскери есепке алу құжаттары немесе әскери борышты өтегендігін растайтын растаушы мәліметтер;

салымшы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған жағдайдашекарадан өткені туралы белгі соғылған төлқұжат немесе шетелде болғандығын растайтын өзге құжаттар;

салымшының мұрасын қабылдау және мұраны ашу немесе қабылдауға байланысты басқа да себептер болғанда мұраны ашу немесе қабылдауды растаушы, оның ішінде сот актілері бар құжаттар;

салымшы бас бостандығынан айыру орындарында болған жағдайдасот шешімі, жазасын өтегені немесе жазасын өтеуден босап шыққаны жайында құжат;

- сот анықтаған өзге де мән-жайлар болған жағдайда өтемді төлеу мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайды белгілеуші сот шешімі.

 

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар топтамасын:


·        Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев көшесі, 30/8, 4 қабат; Астана қ., Z01А5АF2, Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабуддлин көшесі, 18, 1 қабат, №5 кеңсе мекенжайлары бойынша ҚДКБҚ жауапты қызметкеріне тікелей тапсыру қажет;


·        немесе құжаттарды ҚДКБҚ-ның Алматы мен Астанадағы кеңселерінің (мекенжайлары жоғарыда көрсетілген) пошталық мекенжайларына да жолдауға болады ірақ мұндай жағдайда салымшының өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс).


Толыққанды ақпаратты 1460 тегін нөмірі арқылы және ҚДКБҚ-ның мына ресми сайтынан алуға болады: www.kdif.kz, сондай-ақ сауалдарды info@kdif.kz поштасына немесе @kdif_ask telegram-чат жолдауға мүмкіндік бар.