Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Эксимбанктің салымшыларын 5 қарашаға дейін Қазпоштада күтеді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Астана Банкі, Qazaq Banki және Эксимбанк салымшылары алдындағы міндеттемелердің 99%-ын өтеді

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) есебінен өтемақы алуға өтініш білдірмеген 155 салымшылар 5 қарашаға дейін бес қалада «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде күтілуде.Содан кейін «Қазпошта» АҚ-на жүгінбеген салымшылардың өтініштерін ҚДКБҚ өзі Алматы мен Нұр-Сұлтанда қабылдайтын болады.

«Qazaq Banki» АҚ және «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініш беру және өз қаласында агентбанкте төлем алу үшін екі айдан үш айға дейін уақыты бар.

  • «Астана Банкі» АҚ салымшылары 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін «Еуразиялық банк» АҚ агент банкіне өтініш беріп және төлемді ала алады,
  • «Qazaq Banki» АҚ салымшылары – «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-да ағымдағы жылдың 24 желтоқсанына дейін.

«Қазпошта» АҚ-нан немесе агентбанктен өтемақы алу үшін тек екі құжат талап етіледі: өтініш және жеке басын куәландыратын құжат. Сенімхат бойынша өтініш беруге де жол беріледі.

ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің бастапқы сомасының 99%-ын өтеп үлгерді –57 миллиардтан теңге аса төленді. Алайда, агент банктерде әлі 220 мың адам күтілуде – әлі талап етілмеген міндеттемелер сомасының 1%-ы тиесілі.

ҚДКБҚ бұған дейін де агент банктерге өтініштердің саны шоттардағы қалдықтардың аздығынан жоғары емес болып қалатындығы туралы хабарлаған болатын. Осылайша, «Астана Банкі» АҚ-да әрбір екінші клиенттің, «Qazaq Banki» АҚ-ы мен «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-да әрбір үшінші клиенттің шотында 500 теңгеден аз қалдық бар.

Ақылжан Баймағамбетов, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы: «Біз өзіміздің колл-орталығымызбен және Еуразиялық банкпен бірлесіп үлкен жұмыс жүргіздік және нәтижелерін көріп отырмыз: салымшылар агент банктерге жүгініп, ақша алады. Мысалы, қазан айының басынан бастап Еуразиялық банк орта есеппен күніне Астана банкі салымшыларының 42 өтінішін, Банк ВТБ (Қазақстан) – Qazaq Banki салымшыларының 2 өтінішін қабылдайды. Қазір өтелетін депозиттердің орташа сомасы 8 мың теңгені – Астана банкінде, 36 мың теңгені – Qazaq Banki-де құрайды. Сондықтан біз маусым–шілде айларында агент банктермен келісімдер мерзімін ұзартқанбыз және салымшылар үшін барынша қолайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін олармен белсенді ынтымақтасуды жалғастырамыз – бұл тек банктік инфрақұрылым, филиалдық желі және сервис негізінде іске асырылуы мүмкін».

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-да ірі депозиттер талап етілмегендігіне қарамастан, төлем алуға соңғы өтініш 18 маусымда орын алды, орташа талап етілмеген депозит 24 мың теңгені құрады. Жалпы 1,5 млн. теңге талап етілмеген күйінде қалды. Салымшылар алдындағы міндеттемелердің бастапқы сомасының 99% орындалды.

Ақылжан Баймагамбетов: «Qazaq Banki, Астана Банкі мен Эксимбанктің 286 мың салымшысының 284 мыңы өз ақшасын толығымен және сыйақымен қайтарып алды немесе кез келген уақытта төлемді алу үшін жүгіне алады. Бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тиімділігін көрсетеді. Біз Қазақстанда өтеу сомасы шектеулі, бірақ жеткілікті екенін көріп отырмыз, бұл әлемдегі қалыпты тәжірибе болып табылады. Қазір банк жүйесі бойынша салымдардың 99,8% толығымен қорғалған».

Ең жоғары кепілдік берілген сомадан артық депозиттері бар шамамен бір жарым мың адам қазірдің өзінде ҚДКБҚ-нан ең жоғары кепілдік сомасына өтем алып немесе алуға құқылы. «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ тарату комиссиялары кепілдік берілген сомадан тыс ақша төлеу міндеттемесін мойындады.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы, агент банктерде және тікелей ҚДКБҚ-нан өтем алу тәртібі туралы және банктерді таратудың рәсімдік мәселелері туралы маманның кеңесін ҚДКБҚ 1460 байланыс орталығынан және @KDIF_Ask телеграмм-чатынан алуға болады.

Анықтама

ҚДКБҚ салымдар, ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша жинақталған сыйақысы бар депозиттің барлық сомасына, бірақ кепілдік берілетін ең жоғары сомадан аспайтын өтем төлейді:

  • жинақ депозиттері бойынша теңгемен - 15 миллион теңге,
  • теңгемен басқа депозиттер бойынша - 10 миллион теңге,
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңге.

«Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-да бір салымшының теңгемен және шетел валютасымен орналастырылған депозиттері бойынша 15 миллион теңгеге дейін жиынтық өтем төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге баламасынан аспайтын болуы қажет.