Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ Желі пайдаланушыларын фишингтік шабуылдар туралы ескертеді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі – Қор) Интернет желісінде, оның ішінде Қордың «kdif.kz» мекенжайын пайдалана отырып, алаяқтық схемалар санының артқанын хабарлайды.


Ағымдағы жылдың басынан бері Қордың поштасына және әлеуметтік желілердегі аккаунттарына Қордың кепілдіктерін алу үшін қолданушылардан өздерін шетел азаматы деп таныстырып, Қор атынан алынған іспетті жасалған жалған мәліметтері бар құжаттарды ұсынып, Қазақстан бюджетіне немесе басқа төлемдерді жүзеге асыруға сақтандыру жарнасын төлеуді талап еткен күмәнді сипаттағы сілтемелері (жалған сайттар мен электрондық мекенжайларға) бар бірқатар хаттар келіп түскен. Атап айтқанда, Қордың ақпараттық қауіпсіздік мамандары ағымдағы жылдың мамыр айында интернет-алаяқтардың ең жоғары белсенділігін тіркеді.


Киберқылмыскерлер танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін жиі пайдаланып, пайдаланушыларға жалған ақпарат жіберуде. Мұндай фишингтік шабуылдардың мақсаты бір – пайдаланушылардың жеке деректерін басып алу немесе олардың атынан банктік операцияларды орындау. Интернеттегі алаяқтардың белсенділігіне байланысты ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев фишингтік алаяқтық деген не, зиянды сілтемелерді қалай тануға болатыны және күдікті хаттарды алған кезде салымшы нені білуі керектігі туралы айтады.


«Қаржылық алаяқтар, әдетте, пайдаланушылардың электрондық мекенжайларына қаржы институттары атынан хат жібереді. Олар жіберген хабарламаларында кейін оларға деректерге ие болуға және қаражатты шығаруға көмектесетін зиянды сілтемені пайдалануды сұрайды. Киберқылмыскерлер әсіресе пандемияның шарықтау кезеңінде, яғни қазақстандықтар қызметтердің басым бөлігін онлайн түрде алып, мемлекет түрлі жеңілдіктер мен өтемақыларды енгізіп, банктер қарыз алушыларға несие төлеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік берген кезде белсендірек болды. Хаттарда алаяқтар түрлі науқандар, қызметтер, лотереялар, тиімді несиелер, тіпті жарналар талап етілетін қайырымдылық шаралары туралы хабарлаған», - деді Әділ Өтембаев.


ҚДКБҚ басшысы Қордың салымшылардан қандай да бір төлемдер мен жарналарды талап етуге байланысты қызметпен айналыспайтынын, банк операцияларын жүргізбейтінін атап өтті. Қордың міндеттері мен қызметінің мәні «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңында көрсетілген және бұлжытпай орындалады.


Әділ Өтембаев Қор коммерциялық емес ұйым болып табылатынын, оның негізгі қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен банктің барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырған жағдайда салымшыларға өтемақы төлеу болып табылатынын атап өтті.


Қордың барлық қызметі қатысушы банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.


Қордың ақпараттық қауіпсіздік мамандары мынадай кеңес береді: егер сізге ықтимал зиянды хат келсе, ол жерде көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеңіз.


«Фишингтік жіберілімдер әдетте мұқият жасырылады. Пайдаланушыларға хат жіберушіні, сондай-ақ хаттың мәнін мұқият тексеруге кеңес береміз. Қор күдікті сілтемелері бар хаттарды жібермейді, парольдерді, логиндерді және сізге ғана белгілі басқа да жеке деректерді сұрамайды. Тағы бір айта кететін әдіс – киберқылмыскерлердің психологиялық қысымы. Олар пайдаланушыға қысқа мерзім белгілеп, асықтырып, қорқытады, егер сіз сілтемені орындамасаңыз немесе жеке деректерді енгізбесеңіз, сізге несие беріледі және басқа да қажетсіз операциялар орындалады деп сендіреді. Ешбір жағдайда мұндай қулыққа бой алдырмау керек», - деп қосты Қор мамандары.


Қор өздерін қорғау үшін пайдаланушыларға фишингке қарсы технологияларды пайдалануды, тез байып кету ұсыныстарына жауап бермеуді, күмәнді жүйелермен және әңгімелесушілермен әрекеттесуді дереу тоқтатуды және ұйымға мүмкіндігінше тез қоңырау шалып, олардың сол хатты жіберген-жібермегенін білуді ұсынады.


Сондықтан ҚДКБҚ басшылығы қазақстандықтарды нақты емес ақпаратқа сенбеуді және тек ресми және расталған дереккөздерден алынған деректерді басшылыққа алуды өтіне сұрайды. Қордың қызметі мен функциялары туралы толығырақ kdif.kz ресми сайтынан, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінен, 1460 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Сонымен қатар, желі пайдаланушылары info@kdif.kz, kdif@kdif.kz сұраныс жібере алады, немесе @kdif_ask Telegram чатында сұрақ қоя алады.