Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ «Tengri Bank» АҚ салымшыларына 10,7 млрд теңге төледі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) агент банк ретінде таңдап алынған Еуразиялық банк арқылы «Tengri Bank» АҚ салымшыларына алғашқы 5 күн ішінде 10,7 млрд теңге төледі. Бұл кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің жалпы сомасының 60,4 пайызын құрайды.

Өтем алу бойынша агент банкке «Tengri Bank» АҚ-тың 2,3 мыңдай салымшысы өтініш беріп үлгерді. Олардың көпшілігі Алматыдан – 599 адам. Павлодардан – 328, ал Нұр-Сұлтан қаласынан – 319 адам. Қазақстан Республикасы облыстарының басым бөлігіндегі салымшылар алдындағы өтелген міндеттемелердің үлесі 50 пайыздан жоғары.

Еуразиялық банктің онлайн-сервистері салымшыларға кезекке тұруды қарауға, бөлімшелердегі жұмысбастылықты бағалауға, кепілдік берілген өтем сомасын тексеруге, сондай-ақ карточка жасап шығару және оны тегін жеткізу жөнінде қашықтан өтініш беру арқылы төлемдерді қашықтан алу опциясын пайдалануға мүмкіндік берді. Келіп түскен өтініштердің статистикасына сәйкес, алғашқы күні төлем карточкаларын шығару 2,5 есеге өсті.

Назар аударыңыздар, «Tengri Bank» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді картаға аударудан басқа, оны Еуразиялық банктің бөлімшелерінен мына тәсілдер бойынша ала алады:
1. Агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен;
2. Ақшаны агент банктегі банк шотына немесе кез келген басқа банкке аудару арқылы.

Өтемді алу тәсілін салымшылары өздері таңдайды.

Төлем басталған күннен бері (25 қыркүйек) ҚДКБҚ мен Еуразиялық банк бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және байланыс орталықтары арқылы «Tengri Bank» АҚ салымшылары арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. 10 күн ішінде ҚДКБҚ байланыс орталығының 1460 қысқа нөміріне салымшылар тарапынан 418 рет қоңырау шалынды. Оларғак берілген жауаптардың көпшілігі кепілдік берілген өтемді алу тәртібі, мерзімі және тәсілдері жайында болды.

Еске саламыз, «Tengri Bank» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Еуразиялық банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелеріне келіп ала алады. Агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары және жұмыс тәртібі туралы ақпарат www.eubank.kz ресми сайтында қолжетімді. Көрсетілген мерзім аяқталған соң, банк салымшылары кепілдік берілген өтемді алу үшін тікелей Қорға өтініш бере алады.

ҚДКБҚ өтемді депозиттегі қалдық соманың, банк шоты немесе төлем карточкасындағы ақшаның көлемінде, бірақ кепілдік берілген ең жоғары сома аясында өзінің арнайы резервінен төлейді, яғни:
• теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 15 млн теңгеден;
• теңгедегі басқа депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден;
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша – валюта баламасында 5 млн теңгеден аспайды (Tengri Bank» АҚ лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкердің банкте түрі мен валютасы бойынша екі және одан да көп кепілдендірілген депозиттері бар болса, ҚДКБҚ олар бойынша 15 млн теңгеден аспайтын көлемде кепілдік берілген жиынтық өтем төлейді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозиттің 5 млн теңгеден аспайтын кепілдендірілген қалдығы бойынша шектеу ескеріледі.