Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ таратылған тоғыз банктің салымшыларына 114 млрд теңгеден астам төлем жасады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) таратылған тоғыз банктің салымшыларына 114,3 млрд теңгеден астам төлем жасады. 419 мыңға жуық салымшы өз қаражатын алды.

 

Осылайша, 2022 жылғы 1 мамырда және 3 шілдеде таратылған тоғыз банк салымшыларының кепілдік өтемақы төлемі және талап етілмеген қаражатты БЖЗҚ-ға аудару аяқталғаннан кейін, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚДКБҚ төлемдер бойынша өз міндеттемелерінің 99%-дан астам бөлігін орындады, оның ішінде:

 

• «Валют-Транзит Банк» АҚ – 17,9 млрд теңге;

• «Қазинвестбанк» АҚ – 2,1 млн теңге;

• «Delta Bank» АҚ – 129,0 млн теңге;

• «Qazaq Banki» АҚ – 20,5 млрд теңге;

• «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ – 258,0 млн теңге;

• «Астана Банкі» АҚ – 37,5 млрд теңге;

• «Tengri Bank» АҚ – 17,6 млрд теңге;

• «Asia Credit Bank (AзияКредит Банк)» АҚ – 18,8 млрд теңге;

• «Capital Bank Kazakhstan» АҚ – 1,6 млрд теңге.

 

«Біз салымшылардың кепілдік берілген қаражатын қайтару бойынша жұмыстың үлкен кезеңі аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы төлемдер 2007 жылы басталып, одан кейінгі барлық уақытта ҚДКБҚ осы банктердің салымшыларына кепілдік сомаларын төлеу бойынша өзінің негізгі қызметтерін орындап келеді, - дейді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев. Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2021 жылдың 1 мамырынан бастап кепілдік өтемақыны төлеу төлемдер басталған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Осылайша, төлемі 2021 жылдың 3 шілдесінде басталған «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары кепілдік өтемақыларын 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін ала алды, ал ҚДКБҚ көрсетілген заңнамалық өзгерістерге дейін төлемдерін төлеп қойған қалған сегіз банктің салымшыларына 2022 жылдың 1 мамырына дейін өз ақшаларын алуға қосымша мүмкіндік берілді».

 

Әділ Өтембаев таратылған банктердің салымшыларының көпшілігі кепілдік өтемақы сомасын төлемдердің алғашқы айларында алғанын, бірақ қаражаттың кейбір бөлігі талап етілмей қалғанын айтты. Негізінен бұл салымшылар төлем мерзімінде өтініш жасамаған шоттарда қалған азғантай сомалар. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына сәйкес, талап етілмеген 830,5 млн теңге сомасындағы қаражатты Қор салымшылардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына олардың ерікті зейнетақы жарналары ретінде бағыттады. Талап етілмеген соманы аудару дербес деректері БЖЗҚ-да бар ақпаратқа сәйкес келетін салымшылар үшін жүзеге асырылды. Сондай-ақ салымшының жеке басын куәландыратын құжаты және жинақталған зейнетақы қаражаты бар жеке зейнетақы шоты болуы қажет болды. Салымшылар БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасында, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталында зейнетақы шоттарына қаражаттың аударылуын тексере алады.

 

Бұл ретте, төлем мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған салымшылар, егер олардың сомасы БЖЗҚ-ға аударылған болса да, қаражатты қайтару үшін ҚДКБҚ-ға жүгінуге құқылы. Ол үшін белгіленген өтініш нысанын өз қолымен толтырып, төлем мерзімі ішінде Қорға уақтылы жүгінуге кедергі болған дәлелді себептерді растайтын құжаттарды қоса беру қажет. Сондай-ақ салымшылар өтініштегі қолдарын нотариалды куәландыра отырып, құжаттарды ҚДКБҚ-ның пошталық мекенжайына жібере алады.

 

Заңнамаға сәйкес дәлелді себептер тізбесіне мыналар жатады: әскери қызметке кіру, Қазақстаннан тысқары жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болу, мұраны қабылдау, мұраны алуға немесе ашуға байланысты өзге де себептер, сондай-ақ сот анықтаған өзге де мән-жайлар. Әрбір банк бойынша тарату үдерісі аяқталғанға дейін немесе салымшының қаражаты БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқығын жүзеге асырғанға дейін дәлелді себептермен ҚДКБҚ-ға төлем жасау үшін өтініш беруге болады.

 

Қосымша ақпаратты әрқашан 1460 тегін қысқа нөмірі арқылы, www.kdif.kz сайтынан алуға, сондай-ақ info@kdif.kz электронды поштасына сұрау жіберуге немесе @kdif_ask Telegram чатында сұрақ қоюға болады.