Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ студенттер арасында меймандық дәріс өткізді

Халықты, оның ішінде жастарды қаржылық ағарту ісіне ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) Алматы экономикалық колледжінің студенттеріне арнап, меймандық дәріс өткізді.


Бұл жоспарланған сабақтар сериясының ең алғашқы дәрісі болатын және ол депозиттерге кепілдік беру жүйесіне арналды. Айталық, Қордың баспасөз хатшысы Нұргүл Салықжанова мен Автоматтандырылған есепке алу және төлемдерді талдау басқармасының өкілі Лана Төлеуова студенттерге депозиттерге кепілдік беру жүйесі (ДКБЖ) сынды институттың құрылу тарихы, салымшыларға кепілді өтем төлеудің әлемдік тәжірибесі және әрине, қазақстандық тәжірибе жайында әңгімелеп берді.

Лекция в колледже.jpeg

ДКБЖ қазақстандық моделінің жұмыс істеу ерекшеліктері де атап өтілді. Спикерлер ҚДКБҚ қызметі жайлы баяндады, оның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды және елде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қордың маңызды рөл атқаратындығын баса айтты.

 

Сақтандыру жағдайы туындаған кезде, яғни банк лицензиясынан айырылған уақытта салымшылардың не істеу керектігі, сондай-ақ қаражаттан айырылып қалу қаупінен сақтануға бағытталған іс-әрекеттер қызу талқыланды.


Атап айтқанда, егер салымдағы жинақ ақша заңнамада бекітілген максималды кепілдік сомасынан асатын болса, оны әртүрлі банкте бірнеше салымға бөліп, сақтау керектігі туралы кеңес берілді. Ал кепілдік мөлшері әрбір салымның түрі мен валютасына тікелей байланысты екені белгілі:


- 20 миллион теңге – теңгедегі жинақ салымдары бойынша;

- 10 миллион теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;

- 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша.


Сонымен қатар банктер мен депозиттерді дұрыс таңдау мәселелері де қытысушылардың қызығушылығын тудырды. Олар сақтандыру жағдайы туындаған кезде орын алуы мүмкін оқиғаларды спикерлермен бірлесе талдады және қаражатты қандай сенімді қаржы құралдарына инвестициялауға болатындығын ұғынды.         

 

Дәріске қатысушылар лицензиясынан айырылған банктің салымшылары өтем ақшаларына қанша уақыт ішінде қол жеткізетіндіктерін білді. Қор өкілдерінің айтуынша заң бойынша кепілді өтем төлеу банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде басталады. Алайда іс жүзінде бұл әлдеқайда ерте жүзеге асырылады. Мысалы, «Tengri Bank», «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» және «Capital Bank Kazakhstan» салымшылары өз қаражаттарына банктер лицензиясынан айырылған күннен бастап, 6-8 жұмыс күні ішінде ие болды. Бұл төлем саласындағы үздік әлемдік тәжірибе болып табылады.       

 

Аталмыш дәріс студенттер үшін маңызды ақпарат көзіне ғана емес, сондай-ақ болашақ мамандардың қаржылық жауапкершілігін қалыптастыру жолында маңызды қадамға айналды. ҚДКБҚ жан-жақты білімді, қаржылық жағынан орнықты қоғам құру мақсатында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастыра түседі.