Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ негізгі депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың желтоқсан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды.

Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеменің мәнін бекіту аясында 26 қазанда оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде депозиттер бойынша мөлшерлемелердің көпшілігі өзгертілген жоқ.

Қор ұсынатын максималды сыйақы мөлшерлемелері 24 айлық мерзімді депозиттердің толықтыруға болатын түрі бойынша – 9,1 пайызды, ал толықтыруға болмайтын түрі бойынша – 9,4 пайызды құрады. Депозиттердің осы түрі салымшылар арасында онша танымал емес. Оның үстіне басқа мерзімдерге арналған мерзімді салымдармен салыстырғанда айырмашылығы аз. Банктер осы себептен оларға қатысты пайыздарды біртіндеп төмендетуде.

Бұл ретте депозиттердің осы түрі бойынша салымшыларға ақша алуға қатысты айтарлықтай шектеу қойылмайды. Сондықтан банктер бұл депозиттер бойынша мерзімділігі үшін сыйлықақы есептемейді.



Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020 қараша

2020 желтоқсан

2020 қараша

2020 желтоқсан

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,3

10,3

10,7

10,7

24 ай

9,2

9,1 ▼

9,5

9,4 ▼

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

12,3

12,3

14,0

14,0

24 ай

11,7

11,7

13,2

13,2