Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ Минскіде салымдарды өтеу жүйесіндегі цифрландыру мәселесін талқылады

Минск қаласында 14-15 маусым аралығында Еуразиялық экономикалық одақтың Салымдарды сақтандыру жүйелерін үйлестіру мәселелері жөніндегі сараптамалық тобының отырысы болып өтті. Отырыс аясында цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласында бірқатар халықаралық конференциялар мен кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) Төрағасы Әділ Өтембаев бастаған делегация қатысты.    


Басқосуды Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен Беларусь Республикасының банктік салымдарға кепілді өтем төлеу жөніндегі агенттігі ұйымдастырды.    


Сараптамалық топтың отырысы аясында Армения, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның депозиттерді сақтандырушыларының, қаржы реттеушілерінің және ұлттық (орталық) банктерінің өкілдері депозиттерге кепілдік беру жүйесінің жекелеген шамалары бойынша ұлттық заңнамалардың ерекшеліктерін және халықаралық тәжірибелерді талқылады. Айталық, қатысушылар өтем төлеу үшін агент банктерді таңдау, депозиттерді сақтандырушылардың мандаты, сондай-ақ кепілдік сомасының мөлшерін анықтау барысында қарсы талаптарды есепке алу мәселелерін қарады.  


Фото 5.jpg


Сонымен қатар Минскідегі кездесу барысында депозиттерді сақтандырушылар «Салымдарды сақтандыру жүйесінің цифрлық болашағы. Жоспарлар мен келешектер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Оған ЕЭО елдерінен ғана емес, сондай-ақ Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Сингапурден барлығы 100 шақты адам қатысты. Бұл ретте конференция спикерлері әсіресе депозиттерді сақтандыру саласында цифрлық инфрақұрылымды, банк секторы мен мемлекеттік органдардың сервистерін пайдалану жағына ерекше көңіл бөлді.  


Бұдан басқа, кездесу барысында ЕЭО елдерінің депозиттерді сақтандырушыларының цифрландыру, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар саласындағы өзара әрекеттестігі бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Мұнда қатысушылар салымдарды өтеу жүйесінде ақпаратты қорғауға және жалпы ақпараттық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.


«Барлық кездесулер жемісті, мәнді, мағыналы болды. Біз үшін ең маңызды міндет – салымшылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету екені белгілі. Біз бұл мәселені ЕЭО елдерінің банктік салымдарды сақтандыру саласындағы заңнамаларын талқылау аясында да, депозиттерді сақтандырушылардың бизнес-үдерістерін цифрладыруға қатысты да пысықтаймыз. ҚДКБҚ қазір автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу боынша жаңа құралдар мен тәсілдерді зерделеу үстінде. Олар болашақта тұрғындармен және депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысушы банктермен де өзара қарым-қатынасты жетілдіруге септігін тигізетін болады», - деп өз ойымен бөлісті ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев.


Қорытындысында тараптар тәжірибе алмасу және депозиттерге кепілдік беру бойынша ұлттық жүйелерге үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу мақсатында өзара ынтымақтасуды одан әрі жалғастыруға келісті.