Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ басшысы Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы Атқарушы кеңесінің мүшесі болып сайланды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) Төрағасы Әділ Өтембаев Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (IADI) Атқарушы кеңесінің мүшесі болып үш жылдық мерзімге сайланды. Атқарушы кеңес IADI басқару органы болып табылады және дүние жүзіндегі депозиттерге кепілдік беру ұйымдары басшыларының 25 мүшесінен тұрады. Дауыс беру 24-28 қазан аралығында Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен IADI жыл сайынғы 21-ші жалпы жиналысы аясында өтті. Кездесуді IADI мен Аргентиналық депозиттерге кепілдік беру корпорациясы ұйымдастырды.


Утембаев_1.jpg


Бес күн ішінде шетелдік делегаттар IADI техникалық және аймақтық комитетінің отырыстарына және ағымдағы жылы депозиттерге кепілдік беру жүйелерінің тиімділігін арттыру жолдары мен қазіргі әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында   депозиттерді сақтандырушылардың қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне арналған IADI конференциясына қатысты.


ҚДКБҚ Төрағасы жаңа технологияларды дамытуды ескере отырып, сақтандыру жағдайы туындаған кезде салымшыларға кепілдік берілген қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету арналарын кеңейту перспективалары туралы өз пікірін білдірді.


«Бүгінгі күні Қазақстанда толық цифрлық трансформация жүріп жатыр – қағаздағы құжаттар цифрлық форматқа көшуде, банктер жеке деректерді қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, онлайн-қызметтерді ұсынуды белсенді дамытуда, халықтың көп бөлігі қазірдің өзінде банктік операцияларды орындау үшін банк бөлімшелеріне бару қажеттілігінсіз-ақ ұялы телефонды пайдаланады. Бүкіл әлемде технологиялардың дамуы және қажетті заңнамалық өзгерістер депозиттерді сақтандырушыларға болашақта кепілдік берілген қаражатты қайтару үшін салымшылармен өзара әрекеттесу арналарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл бастама салымшыларға қолайлырақ болады және кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімін қысқартады, бұл өз кезегінде қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін де маңызды», - деді Әділ Өтембаев.


Анықтама үшін: Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (IADI) ұсынымдарды тарату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы депозиттерге кепілдік беру тиімділігін арттыруға арналған депозиттерді сақтандырушылардың жаһандық форумы болып табылады. IADI 2002 жылы Швейцарияның Базель қаласындағы Халықаралық есеп айырысу банкінде штаб-пәтері орналасқан коммерциялық емес бірлестік ретінде құрылған. Қазіргі уақытта IADI-ның 92 мүшесі бар. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры IADI-ға 2003 жылы қосылды.