Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ қаржылық операциялар саласындағы алаяқтық тәуекелдері туралы ескертеді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры республика аумағында қаржылық операцияларға қатысты алаяқтық әрекеттердің көбеюіне байланысты алаңдаушылық білдіреді. Сәйкесінше отандастарды қаржылық транзакцияларды жүзеге асыру барысында қырағы әрі сақ болуға шақырады.   


Таяуда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына белгілі болған оқиға банк клиенттерінің қаражаттарын жымқыруды көздеген алаяқтық схеманы паш етеді.


Қазақстанда тұратын шетелдік азамат халықаралық аударым жасауды жоспарлаған. Соны іске асыру барысында ол ақша аударуды аяқтау үшін пәлен соманы төлеу керектігі (комиссия) туралы ҚДКБҚ тарапынан қойылған талапқа тап болған тәрізді. Оның үстіне алаяқтар «мәміле паспортын» төлеу керектігін талап еткен. Олардың айтуынша бұл операцияны жабуға керек болады-мыс.  


Еске саламыз: ҚДКБҚ жеке тұлғалардан, олардың ішінде шетелдік азаматтардан ешқандай түрде және ешқандай мөлшерде ақша алмайды және ала алмайды. Керісінше, Қор, Заңға сәйкес, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Яғни банк лицензиясынан айырылған жағдайда депозиторларға жинақ ақшаларын қайтарады.  


Ол банкте теңгелік жинақ салымдарда (20 млн дейін), ұлттық валютадағы өзге депозиттерде, шоттарда және карточкаларда (10 млн дейін), сондай-ақ шетел валютасындағы депозиттерде, шоттарда және карточкаларда орналасқан ақша қаражаттарының (5 млн дейін) өтелетіндігіне кепілдік береді. Бұл үшін ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тоқсан сайынғы жарналары есебінен арнайы резерв қалыптастырады. Аталмыш жүйеге ислам банктерін қоспағанда, Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің барлығы қатысады.


Қор осылайша салымшылардың мүдделерін қорғайды және операциялар жүргізгені немесе рұқсат құжаттарын тапсыру үшін ешқашан қосымша төлем талап етпейді.


Егер Сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе күдік туғызатын хабарлама алсаңыз, біз тез арада тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну керектігін табанды түрде ұсынамыз.  


Барлық азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтарды қаржылық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсене қатысуға шақырамыз. Біз қазақстандықтар үшін сенімді және қорғалған қаржылық ортаны құру жолында жұмыс істеп жатырмыз.