Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A05B0Y8, Әйтеке би к., 67 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ Алматы экономикалық колледжінің студенттері үшін дәріс ұйымдастырды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша кезекті дәрісін өткізді. Кездесу Алматы экономикалық колледжінде болды. Оған «Банк және сақтандыру ісі» мамандығы бойынша екінші курс студенттері қатысты. Бұл жолы жастар алдында Проблемалық банктермен жұмыс жүргізу жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Тимур Хасанов сөз сөйледі.


photo1717733052 (1).jpeg

    

Қазіргі уақытта Қазақстанда тоғыз банкте тарату үдерісі жүргізіліп жатыр. Олар: «Қазинвестбанк» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ. 2022 жылы ҚДКБҚ барлық таратылатын банктердің салымшыларына кепілді өтем төлеуді аяқтады.


Жалпы төлем сомасы 114 млрд теңгеден асты.


Жиын барысында маман лицензиясынан айырылғанға дейінгі және одан кейінгі проблемалық банктермен жұмыс жүргізу барысы туралы әңгімеледі.


Қаржылық ахуалы нашарлған банк лицензиясынан айырылғанға дейін ҚДКБҚ оның жағдайы туралы тұрақты есептемелерден ақпарат алып тұрады, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) деректер алмасады. Яғни ҚНРДА-ның қызметіне қатысады. Ал ҚНРДА-ның басты жұмыстарының бірі – проблемалық банктерді реттеу.   

  

Мысалы, лицензиясынан айырылған банкте кепілдігі бар депозиттер бойынша міндеттемелерді басқа сатып алушы банкке (Purchase and assumption операциясы) өткізу үшін өтімді активтер жетіспейтін болса, сол жетіспеген бөлігін ҚДКБҚ кепілді өтем ретінде төленуге жататын сома шегінде арнайы резервтің есебінен өтейді.      


Спикер сонымен қатар банк лицензиясынан айырылған соң, Қордың бірнеше бағытта жұмыс жасайтындығын атап өтті:


  • лицензиясынан айырылған банктің уақытша әкімшілігінің құрамына қатысу;

  • тарату комиссиясының құрамына қатысу;

  • кредиторлар комитетінің құрамына қатысу:

  • проблемалық банктермен жұмыс жүргізуге қатысты заңнаманы барынша жетілдіру.


Тимур Хасанов лицензиясынан айырылған банктің уақытша әкімшілігінің құрамына Қордың қатысуына байланысты атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Бұл кезеңде уақытша әкімшілік банкті оңалту жолдарын қарастырады. Егер оңалту мүмкін болмаса, депозиторлардың тізілімін жасап, оны кепілді өтем төлеу үшін ҚДКБҚ-ға тапсырады. Сонымен қатар лицензиясынан айырылған банктің активтерінің сақталуын қамтамасыз етеді.  

  

Сондай-ақ кездесуде банк қызметіне қатысты ықтимал тәуекелдер аясында қолдағы ақшаны сақтауға қатысты мәселелер қозғалды. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі, кепілдік берілген қаржы құралдары және кепілдік сомалары студенттерге тәптіштеп түсіндірілді:


  • 20 млн теңге – теңгелік жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;

  • 10 млн теңге – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;

  • 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша (банкті лицензиясынан айырған күнге қарай нарықта белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша)

.

 

Спикер қатысушыларға ақшаны банктерде қалай сақтауға және молайтуға болатындығы туралы бірқатар ақыл-кеңестер берді. Айталық, егер банкте салымшының бірнеше депозиті ашылса және олар түрі мен валютасына қарай әртүрлі болса, сақтандыру жағдайы туындағанда әрбір салым түрі бойынша кепілдік берілген шекті сома ескеріліп, жиынтық кепілді өтем төленеді. Бірақ ол 20 млн теңгеден асырылмайды.


Дәріс шеберлік сыныбы форматында өтті. Студенттер оған белсене қатысып, тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойды және қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.