Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ алғашқы аптада «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-на жуығын төледі

2021 жылдың 3 наурызына қарай «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2 511 салымшысы жалпы сомасы 13,12 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем алды. Бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (Қор) міндеттемелерінің жалпы сомасының 68,7 пайызын құрайды.


Еске саламыз, агент банк ретінде таңдап алынған «Еуразиялық банк» АҚ арқылы «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» салымшыларына кепілдік өтем төлеу 2021 жылдың 24 ақпанында басталған болатын. Ол 2022 жылдың 1 мамырына дейін жалғасатын болады. Осы көрсетілген мерзім ішінде салымшылар агент банктің бөлімшелеріне барып, өтем алуға өтініш бере алады. Агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары және жұмыс істеу тәртібі www.eubank.kz ресми сайтында қолжетімді.


Салымшылар кепілдік берілген өтемді өздеріне ыңғайлы тәсілмен: агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен, сол агент банкте банк шотын (карточка) ашу немесе кез келген басқа банкке аудару арқылы алуға құқылы.


Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар Қордың www.kdif.kz сайтында қолжетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.