Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ ағымдағы жылдың сәуіріне шекті сыйақы мөлшерлемелерін сақтады

Теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың сәуіріне қарасты шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және наурыздағы мәндік деңгейінде сақталды. Ұлттық Банк 2023 жылдың 27 ақпанында базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруына байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) осындай шешім қабылдады. 


ҚДКБҚ екінші деңгейдегі банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өзінің өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өзінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін.  

  

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен мына кестеден танысып шығуға болады: 



Депозиттер санаты

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Наурыз

Сәуір

Наурыз

Сәуір

Мерзімсіз депозиттер

16,3

16,3

16,3

16,3

Мерзімді депозиттер

3 ай

17,3

17,3

16,8

16,8

6 ай

17,3

17,3

16,8

16,8

12 ай

14,8

14,8

14,5

14,5

24 ай

10,7

10,7

10,5

10,5

Жинақ депозиттер

3 ай

18,3

18,3

17,8

17,8   

6 ай

18,3

         18,3         

17,8

17,8  

12 ай

16,9

16,9

15,7

15,7

24 ай

14,3

14,3

13,5

13,5