Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Депозитті таңдағанда неге көңіл бөлу қажет

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында (ҚДКБҚ) бүгінгі күні депозит нарығына қалай бейімделу керектігін айтып берді. Егер сіз қаражатты ұзақ уақыт жинақтауды және оны пайдаланбауды жоспарласаңыз, қандай салымды таңдаған жөн? Қандай депозит жоғарылатылған мөлшерлеме есебінен қажетті соманы тез жинап, керек болған жағдайда ақшаны да ала алғысы келетіндерге арналған? Қаржы мәселесінде ұтқыр болғысы келетіндер қандай депозитті таңдауы керек?


Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін белгілеу үшін ҚДКБҚ депозиттердің келесі санаттарын ажыратады: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдары. Шын мәнінде, депозиттердің үш түрінен тұратын бұл желі шығыстар мен жинақтар сценарийлерінің, үлгілерінің және тәсілдерінің көпшілігін ескереді.


Ұтқырлықты бағалайтын және күтпеген шығындарға арналған белгілі бір қаражат сақтық қорын қажет ететін салымшылар үшін мерзімсіз салым қолайлы. Бұл жағдайда шоттан ақшаны алу, толықтыру бойынша шектеулер жоқ (ең төменгі қалдық шегінде). Депозиттің бұл түрі бойынша ең жоғары кепілдік сомасы теңгемен 10 миллион теңгені құрайды.


Мерзімді салым тек жоғары мөлшерлеме бойынша қаражат жинап қана қоймай, аса қажет жағдайда қажетті соманы алуды қалайтындар үшін ыңғайлы. Алайда, қаражатты мерзімінен бұрын ішінара немесе толық алған жағдайда, сыйақының бір бөлігі де жоғалады. Мерзімді салымның екі түрі бар: толықтырылатын және толықтырылмайтын. Депозиттің бұл түрі бойынша ең жоғары кепілдік сомасы теңгемен 10 миллион теңгені құрайды.


Жинақ салымында ақшаны мерзімінен бұрын алуға бірқатар шектеулер бар: ақшаны ішінара алу мүмкін емес, ал барлық салым сомасын мерзімнің соңына дейін толық алу жинақталған сыйақының барлығын дерлік жоғалту қаупін тудырады. Банк, жинақ салымын мерзімінен бұрын алған жағдайда, оны салымшы өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 30 күннен соң ғана беруге құқылы. Депозиттің бұл түрі бойынша ең жоғары кепілдік сомасы теңгемен 20 миллион теңгені құрайды. Жинақ салымы да екі түрге бөлінеді: толықтырылатын және толықтырылмайтын.


Толықтырылатын депозиттер – мерзімі ұзарған сайын сыйақы мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін депозиттер. Толықтырылмайтын депозиттер өз ақшасын ұзақ уақытқа салуды жоспарлаған және оның әрекет ету мерзімінде депозитті толтырмайтындар үшін қолайлы.


Банк салымдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес түрлерге бөлінеді және әрбір түрдің шарттары банк салымы шартында тікелей көрсетіледі. Банк салымы шартын жасамас бұрын клиент банктен оның негізгі шарттары (сыйақы мөлшері, салым мерзімі, мерзімінен бұрын өтеу шарттары, ұзарту мерзімінің болуы және т.б.), сондай-ақ депозит бойынша кепілдік берілетін өтем сомасы туралы ақпаратты алуға құқылы.


Сонымен қатар, салымшылар банктердің депозиттік өнімдері және оларға кепілдік берілетін сомалар туралы ақпаратпен сілтеме бойынша (ақпарат тек ақпараттық мақсатта ғана ұсынылады) өтіп, өз бетінше таныса алады. Салымшылар депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіретін банктердің сайтында да салымдар туралы толығырақ ақпаратты таба алады.


Қазіргі таңда ең танымалы – теңгедегі депозиттер. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықтың банк секторындағы теңгелік салымдары 9,6 трлн теңгеге жетті. Осылайша, жыл басынан бері олар 827 млрд теңгеге немесе 9,4%-ға өсті.


Депозиттердің түрлері туралы толығырақ ақпаратты ҚДКБҚ сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, сұрақтарыңызды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Telegram-чатына немесе толық ақпарат алу үшін 1460 тегін нөміріне хабарласуға болады.