Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Депозиттерді сақтандыру: ғаламдық стандарттар және қаржы жүйесінің сын-қатерлері

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор) Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының (ДСХҚ) мүшесі болып табылады. Бұл ұйымның құрамына 96 мемлекет енген. Биыл ақпан айының соңында Қор Төрағасы Әділ Өтембаев қауымдастықтың Атқарушы кеңесінің отырысына қатысты. Онда 2024 жылы басымдық берілген бағыттар және басқару құрылымына байланысты маңызды мәселелер талқыланды.


Отырысқа қатысушылар депозиттерге кепілдік беру жүйесі саласындағы Негіз қалаушы қағидаттарды қайта қарауды 2024 жылы басымдық берілген маңызды міндет деп белгіледі. Ондағы мақсат – аталмыш қағидаттардың тиімділігін арттыру.  

 

Қайта қарау жұмыстары барысында мына тез өзгеріп жатқан қаржылық ортада депозиттерді сақтандырушылар үшін ғаламдық стандарттардың өзектілігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы банк дағдарысынан алынған сабақтар, сондай-ақ қаржы секторына технологиялық үдерістердің ықпалы ескерілетін болады. Қауымдастық мүшелерімен талқылау үшін ДСХҚ 2024 жылдың соңына қарай қайта қаралған қағидаттардың жобасын толығымен әзірлейді деп жоспарлануда. Ал оның түпкілікті нұсқасы 2025 жылы жыл сайынғы жиналыста бекітіледі. Бұдан басқа, ДСХҚ осы қағидаттарға сәйкестікті бағалауды жүргізу бойынша нұсқаулық әзірлейді.


Атқарушы кеңестің отырысында ДСХҚ комитеттерінің құрылымындағы өзгерістер бекітілді, сондай-ақ жаңа комитеттердің төрағалары белгіленді. Бұл өзгерістер ДСХҚ қол жеткізген стратегиялық мақсаттардың тиімділігін арттыруға, атқарылатын қызметтерді оңтайландыруға және әлемдік қаржылық сын-қатерлерге дер кезінде мән беруге бағытталған. Түптеп келгенде олар депозиттерді сақтандырушылар үшін стандарттарды белгілеуші ғаламдық ұйым ретінде ДСХҚ-ның рөлін арттыруға септігін тигізеді. Басқарудың жаңартылған құрылымында бес комитет көзделген. Олар қаржы нарығы мен банктердің дамуына мониторинг жасауға, депозиттерді сақтандырушылар мен дағдарыстарды басқару үшін сын-қатерлерді анықтауға, ұйымдар және депозиттерді сақтандырушылар үшін саясат пен іс-тәжірибелерді әзірлеуге, депозиттерді сақтандыру стандарттарын енгізуге және техникалық көмек көрсетуге, ДСХҚ стратегиясы мен стратегиялық жоспарлаудың сақталуын қамтамасыз етуге жауапты жауапты болады.

 

Анықтамалық*

Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (International Association of Deposit Insurers, IADI) депозиттерді сақтандырушылардың ғаламдық форумы болып табыады. Оның мақсаты - ұсыныстар тарату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы салымдарды сақтандыру тиімділігін арттыру. IADI қауымдастығы 2002 жылы коммерциялық емес қауымдастық ретінде құрылған. Штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласындағы Халықаралық есеп айырысу банкінде орналасқан.


IADI-дің миссиясы – озық тәжірибелерді тарату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы депозиттерді сақтандырудың тиімділігін арттыру.


Қазіргі уақытта IADI-ге қатысушылар: депозиттерді сақтандырушы 96 ұйым оның толық құқықты мүшесі, 11 Орталық Банк - қауымдастырылған мүшесі, сондай-ақ 17 халықаралық ұйым - ресми серіктесі болып табылады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры IADI құрамына 2003 жылы енген.