Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Депозиттер бойынша кепілді өтемдерді төлеу тәртібі қалай жетілдірілді? ҚДКБҚ тиімді жаңалықтар туралы айтып берді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесі банк депозиттерінің қорғалуын және сақталуын қамтамасыз етеді, осылайша оларды жинақ ақша орналастырудың сенімді құралына айналдырады. Ислам банктерін қоспағанда, кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып жеке тұлғалардың депозиттерін тартатын барлық қазақстандық банктер табылады.


Реттеуші мұндай банкті лицензиядан айырған жағдайда, ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдіктер туралы заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде салымшыларға кепілді өтем төлейді.


Соңғы үш жылда өтемақы төлеу тәртібі сапалы түрде өзгертілді. ҚДКБҚ Автоматтандырылған есепке алуды және төлемдерді талдау басқармасының басшысы Алуа Нұртөлеуова төлемдерді жүзеге асыру тәртібінің қалай өзгергені туралы, сондай-ақ талап етілмеген кепілді өтем сомасын зейнетақы шоттарына аударудың бұрын-соңды болмаған тәжірибесі туралы айтты.


Бүгінгі таңда кепілдік берілген өтемді төлеуді бастау мерзімі айтарлықтай қысқарды дейді спикер. Бұрын салымшылар банк лицензиясынан айырылған соң ақшаны қайтарып алу үшін 4-5 ай күтуге тура келетін, өйткені ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот ісі аяқталғаннан кейін ғана төлем жасай алды.


«Енді заңда кепілдік берілген төлемдерді төлеу сот өндірісінің барысына қарамастан банк лицензиясынан айырылған күнінен бастап 35 жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тиіс деп белгіленегі. Соңғы сақтандыру оқиғалардың мысалдарын келтірейін: «Tengri Bank», «Asia Credit Bank (АзияКредит Банк)» және «Capital Bank Kazakhstan» салымшылары банктер лицензиясынан айырылған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде өз қаражатына қол жеткізді, бұл төлемдер саласындағы әлемдік тәжірибенің ең жақсы көрсеткіші болып табылады және депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының Негізгі қағидаттарына сәйкес келеді», - дейді Алуа Нұртөлеуова.


Төлемді ұйымдастыру бойынша жүргізілген алдын алу шараларының арқасында салымшылардың өз қаражатына жылдам қол жеткізуі де қамтамасыз етілген. Мысалы, 2021 жылдан бастап сақтандыру жағдайының басталуына қарамастан, Қор жарты жылда бір рет өтемақы төлеу үшін агент-банктердің алдын ала тізімін анықтайды. Нәтижесінде, сақтандыру жағдайы орын алған кезде агент-банкті таңдау алдын ала бекітілген алдын ала тізім бойынша жүзеге асырылады.


Алуа Нұртөлеуова төлем тәртібінде басқа да маңызды өзгерістер орын алғанын баса көрсетті.


Біріншіден, өтемақыға өтініш беру мерзімі енді төлемдер басталған күннен бастап 1 жыл.


Екіншіден, төлем мерзімін оңтайландыру өтініш беру рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік берді, яғни енді салымшы өз қалауы бойынша ең қолайлы форматты таңдайды – өтінімді тікелей Қорға онлайн беру немесе агент-банктің ең жақын бөлімшесі хабарласу. Осылайша, салымшы ықтимал нұсқаларды бағалап, өз уақытын айтарлықтай үнемдей алады.


Үшіншіден, белсенділігі төмен салымшыларға да өтемақы төлеуге мүмкіндік беретін тетік енгізілді. Тәжірибе көрсеткендей, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру кеңінен тарағанына қарамастан, салымшылар төлем мерзімі ішінде өз қаражатын алуға асықпайтын жағдай жиі туындайды. Негізінен бұл шоттарында аздаған сомасы бар адамдарға қатысты.


«Бұл мәселені шешу және салымшылардың жинақтарын барынша үнемдеу мақсатында жаңа тәртіпте талап етілмеген қаражатты олардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарына аудару қарастырылған. Бұл механизм бірегей болып табылады, себебі ол әлі әлемнің ешбір елінде қолданылмаған. Мысалы, БАӘ, Канада және АҚШ-та талап етілмеген сомалар орталық банкке немесе басқа мемлекеттік мекемеге сақтауға беріледі. Сонымен қатар, бірқатар елдерде талап етілмеген шоттарды басқаруға арналған арнайы қорларды құру тәжірибесі кең таралған, оған барлық қалдықтар бағытталады. Мұндай қорлар Ирландияда, Ұлыбританияда және Жапонияда бар, олар қаражатты әлеуметтік қажеттіліктер мен қайырымдылық бағдарламаларға таратады», - дейді спикер.


Қазақстанда талап етілмеген қаражатты қайтарудың бірегей тәртібін енгізудің арқасында 230 мыңнан астам салымшы зейнетақы шоттарына 830,5 млн теңге алды. Айта кететін жайт, өтемақы сомалары БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарналары түрінде аударылады, бұл олардың салық салудан босатылғанын білдіреді. Сонымен қатар, аударылған сомалар бойынша инвестициялық кіріс есептеледі.


Төртіншіден, салымшылар дәлелді себептермен төлем мерзімі ішінде кепілді өтемді алуға өтініш бере алмайтын жағдайлар болады. Мұндай жағдайлар үшін заңнамада төлем мерзімі өткеннен кейін, оның ішінде ақша БЖЗҚ-ға аударылған болса, қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Дәлелді себептерге мыналар жатады:


  •  салымшының әскери қызметке кірісуі;
  • шетелде болуыы;
  • бас бостандығынан айыру орындарында болу;
  • салымшының мұрасын қабылдау, алу немесе ашу;
  • сот белгілеген өзге де мән-жайлар.


Көрсетілген дәлелді себептердің бірі болған жағдайда салымшы жазбаша өтініш пен растайтын құжаттарды ҚДҚБҚ-ға өткізіп, онда олар 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Оң шешім қабылданған жағдайда ақша ҚДҚБҚ-ға салымшы көрсеткен банк шотына аударылады.


«Банк салымшыларының алаңдауына еш себеп жоқ - ҚДҚБҚ уақтылы ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Сонымен, сақтандыру жағдайы басталған кезде, яғни банк лицензиясынан айырылған күні, содан кейін төлемдердің әрбір кезеңінде: басталған күнге дейін, төлемдерді жүзеге асыру кезеңінде, төлемдер аяқталғанға дейін және аяқталғаннан кейін, сондай-ақ талап етілмеген сомаларды БЖЗҚ-ға аудару кезінде ҚДҚБҚ халықты төлемдердің ағымдағы жағдайы туралы міндетті түрде хабардар етеді. Ақпарат баспа және электронды БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және ҚДҚБҚ сайтында орналастырылады», - деп қорытындылады Алуа Нұртөлеуова.


Оның үстіне, 2021 жылдың мамырынан бастап қатысушы банктер салымшымен банк шоты (депозит) шартын жасау сатысы кезінде кепілді өтемді төлеу шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды. Осылайша, банк бөлімшесіне жеке жүгінген кезде салымшы жоғарыда аталған барлық мәліметтерді қамтитын жеке құжатқа қол қояды. Шотты онлайн режимде ашу кезінде кепілді өтемді төлеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат банктің интернет-ресурсында орналастырылады.


Өтемақыларды төлеу механизмі туралы толығырақ ақпаратты ҚДҚБҚ сайтынан алуға, немесе сұрақтарыңызды info@kdif.kz электрондық поштасына, @kdif_ask Telegram-чаты арқылы жіберуге немесе Қордың байланыс орталығына 1460 тегін нөмірі арқылы хабарласуға болады.